Жаңалықтар

ЛИДИЯ ВЛАСОВА: КӨПҰЛТТЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ ОРТАҚ ТІЛІ –ДОСТЫҚ ПЕН ДИАЛОГ ТІЛІ

24 жыл ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясы құрамында түрлі құрылымдар қызмет ететін үлкен институтқа айналды. Олардың әрқайсысы өз бағытында жұмыс жемісті жұмыс істейді, бұл ретте барлығы үшін негізгі міндет – қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді сақтау және нығайту. ҚХА-ның ірі құрылымдарының бірі –облыстық ассамблея жанындағы өңірлік штабтары бар Қоғамдық келісім кеңесі.
ЛИДИЯ ВЛАСОВА: КӨПҰЛТТЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ ОРТАҚ ТІЛІ –ДОСТЫҚ ПЕН ДИАЛОГ ТІЛІ
17.05.2019 19:03 2869

24 жыл ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясы құрамында түрлі құрылымдар қызмет ететін үлкен институтқа айналды. Олардың әрқайсысы өз бағытында жемісті жұмыс істейді, бұл ретте барлығы үшін негізгі міндет – қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді сақтау және нығайту. ҚХА-ның ірі құрылымдарының бірі – облыстық ассамблея жанындағы өңірлік штабтары бар Қоғамдық келісім кеңесі.

Бүгін біз жаһандық әлемде өмір сүреміз, ол мүлдем біркелкі емес, оған түрлі саяси, экономикалық, әлеуметтік, діни қарама-қайшылықтар тән. Бұл жағдайда мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара ынтымақтастығының арқасында біздің еліміздегі тұрақтылықты, бейбітшілікті, бірлік пен келісімді, конфессияаралық және ұлтаралық диалогты, азаматтардың мүдделерін қорғауды, тәуелсіз Қазақстанның тұрақты дамуы үшін медиация институтын дамытуды қамтамасыз ету өте маңызды.

Бұл мақсаттарға Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңестері қызмет етеді.

Қарағанды облысы Балқаш қаласының Қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы Лидия Власова біздің сайтқа берген сұхбатында өңірдегі кеңестің жұмысы, Ассамблеяның басқа құрылымдармен ынтымақтастығы және балқаштықтарды толғандыратын өзекті мәселелер туралы әңгімелеп берді.

— Лидия Владимировна, Балқаш қаласының Қоғамдық келісім кеңесінің құрамына кімдер кіреді?

— Қарағанды облысы Балқаш қаласының Қоғамдық келісім кеңесінің құрамына жиырма беделді адам кіреді. Олардың қатарында құрметті ардагерлер, этномәдени бірлестіктер мен кәсіподақ ұйымдарының басшылары, кәсіпкерлер, мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың және жастардың өкілдері бар. Барлығына да белсенді азаматтық ұстаным, істің шынайы жағдайын білу, естіп, тыңдай білу, туындаған мәселелерді шешу жолдарын табу қабілеттері тән.

Біз тұрақты түрде отырысқа жиналып отырамыз, онда балқаштықтарды толғандыратын ең өзекті мәселелерді көтеріп, талқылаймыз, содан кейін талқылау қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға ұсыныстарды шығарамыз.

— Кеңес нақты қандай мәселелерді қарастырады?

Елбасы 2019 жылды Жастар жылы деп жариялаған соң, біз алдымен жастарды қолдау, азаматтарды жұмысқа орналастыру, қаланы абаттандыру мәселелерін қарастырамыз. Біз өңірдегі қоғамдық жағдайды, жас ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу үшін қабылданып жатқан іс-шараларды, басқа да өзекті мәселелерді талқылаймыз. Қалыптасқан жағдайды жақсы түсіну үшін қаланың абаттандырылуына мониторинг жүргізу, бюджеттік мекемелерге жөндеу жүргізу, халықтың қауқары аз топтар үшін қолжетімді ортаны ұйымдастыру бойынша мобильді топтар құру қажеттілігі жиі туындайды, оған мүдделі тұлғалармен, мемлекеттік органдармен қатар қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері де кіреді.

— Қала тұрғындарымен Кеңес жұмысы қалай құрылған?

— Кеңес қызметінің басты бағыттарының бірі – ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Ол үшін біз үнемі дөңгелек үстелдер, диалог алаңдарын, басқосуларды, әр түрлі топтармен, кәсіптегі, наным-сенімдегі тұлғалармен  кездесулер және тренингтер ұйымдастырамыз.

Онда біз барлық тақырыптарды: қаладағы мемлекеттік бағдарламалардың уақытылы және сапалы жүзеге асырылуы, сыртқы жарнаманың Қазақстан Республикасының Тіл туралы заң нормаларына және грамматика ережелеріне сәйкестігі, толеранттылықты дамыту, конфессияаралық және этносаралық қарым-қатынас, кіші Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, отбасылық құндылықтар мен тағы да басқа өзекті тақырыптарды талқылаймыз.

Осындай кездесулер барысында біздің қала тұрғындарымен қызу талқылау болатындығын айта кету керек, бұл тұрғындардың көңіл-күйін дұрыс түсінуге, мәселелерді анықтау, балқашықтардың тыныш және қалыпты өміріне кедергі келтіретін факторларды жою үшін аса қажет екені анық.

Кеңес мүшелерінің ауқымды жұмысы тұрғындар, қызметкерлер мен жұмыс берушілер арасындағы дау тудыратын жағдайларын болдырмау, туындаған жағдайда оларды бейбіт шешу бағытында жүргізіледі. 

— Мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудағы Кеңестің рөлі қандай және оларды орындау үдерісі қалай жүргізіледі?

— Балқаштықтар өз қаласын жақсы көреді және оны қатты бағалайды, оның өткені мен дәстүрлерін құрметтейді және болашаққа зор үмітпен қарайды. Олар өз қажеттіліктері мен мәселелеріне немқұрайлы қарамайды, іскер азаматтар өз қаражатына Балқаш келбетін өзгертіп, шағын сәулет нысандарын, балалардың ойын, спорт, жаттығу алаңдарын орнатқанын айта кетуді жөн көріп отырмын. Барлық қалалықтар экологиялық акцияларға, жасыл желектерді отырғызуға, сенбіліктерге, аулаларды абаттандыруға белсене қатысады, сол арқылы туған жерге, өздері өсіп-өнген өлкеге деген құрметтерін көрсетеді. Бұл жерде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының идеяларын іске асыруда қоғамдық келісімнің, бірлік пен тұтастықты өміршең етудегі кеңестің рөлі айқын сезіледі.

— Бүгінгі таңда қақтығыстарды бейбіт жолмен реттеу өзекті. Балқаш қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық кеңесі мен медиация кабинетінің ынтымақтастығы туралы айтып берсеңіз.

— Біздің кеңес мүшелері халық, қызметкерлер мен жұмыс берушілер арасындағы даулы жағдайларды болдырмау, олар туындаған жағдайда оларды бейбіт жолмен шешу мақсатында үлкен жұмыс атқаратынын айта кету керек.

Қалада Балқаш қалалық соты, қала әкімдігі және қоғамдық келісім Кеңесі арасындағы ынтымақтастық туралы қол қойылған меморандум аясында медиация кабинеті мен билер кеңесі жұмыс істейді. Бұл көптеген даулы жағдайлар мен қақтығыстарды сотқа дейін реттеуге көмектеседі.

— ҚХА-ның басқа құрылымдармен, қала ұйымдарымен өзара ынтымақтастығы туралы айта отырсаңыз.

— Жалпы ішкі өзара әрекетсіз, ҚХА құрылымдық бөлімшелерінің өзара көмегінсіз біздің институттың жұмысын елестету қиын шығар деп ойлаймын.

Қоғамдық келісім кеңесімен тығыз ынтымақтастықта қызықты, танымдық және өте қажетті жұмыстарды біздің қаламыздың этномәдени бірлестіктері – «Согласие» славян орталығы, «Эминем» татар орталығы, «Возрождение» неміс орталығы, корей орталығы, шешен-ингуш және тәжік этностарының өкілдерінің тобы жүзеге асырады. Олар аймақтағы этносаралық келісімді нығайту, тарихи және мәдени мұраны сақтап қалу, мәдениеттердің өзара байытуын қамтамасыз ету, жастарды өздерінің қызметіне белсенді тарту үшін ауқымды жұмыстар атқарып отыр. Олардың қатысуымен қалада ұлттық мәдениеттің, ойын-сауық және жарқын фестивальдері, концерттер мен конкурстар, сәндік-қолданбалы қолөнер көрмелері ұымдастырылып, өткізіледі. Сондай-ақ біздің этномәдени бірлестіктеріміз Қарағанды облысының Қазақстан халқы ассамблеясы Достық үйінде ұйымдастырған іс-шараларға да белсенді атсалысады. 

2015 жылдан бастап Қоғамдық келісім кеңесі жанында қалалық Аналар кеңесі жұмыс істейді, оны білім беру саласының ардагері Шайзада Сыздықова басқарады. Бұл құрылым қызметінің басым бағыты –  жас балқаштықтардың бойында рухани-адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеу, Ұлы Дала Елінің дәстүрлеріне құрмет көрсету болып табылады. Қаланың жалпы білім беретін мектептерінде неғұрлым тиімді жұмыс істеу үшін Әкелер кеңесі мен Аналар кеңестері құрылған, олардың іс-әрекеттерін қаланың Аналар кеңесі үйлестіреді, олармен педагогикалық ұжымдар мен ата-аналар комитеттері тығыз ынтымақтаса жүмыстар атқарады. 

Көпбалалы аналар, қаланың құрметті азаматтары, ардагерлер, медицина қызметкерлері, психологтар, қаланың Аналар кеңесінің қатысуымен жыныстық тәрбие, қыздардың қоғамдағы мінез-құлқы, өз Отанын қорғау қажеттілігі, өскелең ұрпаққа отбасылық құндылықтарды сіңіру тақырыптарында семинарлар ұйымдастырады. Жыл сайын қалалық «Отбасы – бақыт мекені» форумын өткізу дәстүрге айналды, бірнеше балабақшалар мен емханаларда «Жас ата-ана мектебі» жобасы жұмыс істейді, сонымен қатар «Ғибрат» жастар орталығы ашылды.

— Сіз балқаштықтар қала өміріне белсенді араласып, көп күш жұмсайтынын атап өттіңіз. Қайырымдылық шаралары, атап айтқанда ҚХА-ның «Қайырымдылық керуені» күнтізбесі аясында қандай іс-шаралар өтеді?

— Қоғамдық келісім кеңесінің, қала әкімдігімен, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен, білім беру саласының, қоғамдық бірлестіктердің, бизнес-қауымдастықтың өкілдерімен, біздің қаланың белсенді тұрғындарының қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастырудағы тығыз өзара ынтымақтастық қарым-қатынасын ерекше атап өткім келеді.

Тұрғындардың әлеуметтік қорғалмаған топтарын қолдау үшін Қазақстан халқы Ассамблеясы 2019 жылдың қаңтар айында «Мейірімділікпен бірлікке» бірыңғай айдарымен «Қайырымдылық керуені» іс-шарасы бастау алды, ол өз кезегінде қайырымдылық қызметтің нақты біріктіруші және үйлестіруші орталығы болды.

Балқашта жомарт, жанашыр және басқаның қайғысына бей-жай қарамайтын адамдар өмір сүретінін атап өткім келеді, олар өз жүректерінің жылуы арқылы қоғамда мейірімділік, сенімділік, қайырымдылық, бүкілхалықтық келісім атмосферасын құрып, ата-бабалар дәстүрлерін лайықты жалғастырып келеді.

Біз ештеңе де бір орнында тұрмайтын, аумалы-төкпелі әлемде өмір сүріп жатырмыз және өкінішке орай, ондай келеңсіздіктермен, кейбір жағдайларда қиындықтармен біздер де бетпе-бет кездесіп қалатынымыз рас. Адамдардың тағдырына бей-жай қарамайтын адамдар оларды жеңуге көмектескен кезіне куә болу көңілге қуаныш ұялатады. ҚХА бастамасына шағын және орта бизнес өкілдері, кәсіпкерлер мен жергілікті меценаттар қолдау білдірді. Аз қамтылған отбасыларға және мүмкіндігі шектеулі жандарға жеке кәсіпкерлер айтарлықтай көмек көрсетті. Өзгелерге көмектесу арқылы, балқаштықтар өздерін жақсы сезінумен қатар, тағылымы мол және шын мәнінде маңызды істерді жүзеге асырушылардың біріміз деп есептейді.

Жалпы Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңестерінің қызметі туралы айта келе, ең бастысы, біздегі басты құндылықтың, бірліктің, келісімнің және бейбітшіліктің бар екенін атап өткім келеді. Баршамыздың ортақ күш-жігер жұмсауымыздың арқасында Тәуелсіз жылдар ішінде осы құндылықтарды сақтай білдік. Көпұлтты Қазақстан халқының әртүрлі көзқарастары, нанымдары, мәдениеті, дәстүрі, менталитеті, діні бар, бірақ біз бір ортақ тіл – достық пен диалогтың тілін таба білдік. Біз әркез бірге болсақ, соғұрлым күшті боларымыз анық!

— Сұхбатыңызға рақмет, еңбегіңіз жемісті болсын!

Нұргүл ШАТЕКОВА

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға