Lexus, Toyota: Шымкент әкімдігінің еншісінде қандай көліктер бар

Шымкент қаласы әкімдігінің автопаркінде қандай көліктер бары анықталды. Бұл туралы Tengri Auto-ға сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі.
Әкімдіктің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы мәліметінше, автопаркке әртүрлі мақсатта пайдаланылатын 12 көлік құралы енген. Оның ішінде – 6 қызметтік, 4 кезекші және 2 қонақтарға арналған көлік.
Автопарк 2010-2018 жылдар аралығында шығарылған көліктерден тұрады.
Автопаркте мынадай модельдер бар:
Lexus LX570 - 2011;
Ssang Yong Chairman Limo - 2012;
Kia Cadenza - 2012;
Kia Cadenza - 2015;
Kia Cadenza - 2015;
Kia Cadenza - 2015;
Merсedes-Benz S350L - 2010;
Kia Cerato - 2018;
Kia Cerato - 2018;
Toyota Camry - 2010;
Toyota Camry - 2010;
Chevrolet Aveo - 2015.
Әкімдік 2018 жылы Шымкентке республикалық маңыздағы қала мәртебесі берілгелі автопарк жаңа көліктермен толықтырылмағанын айтады.
