Жаңалықтар

Әлеуметтік желілер тарихы

1970-ші жылдардың соңында адамдар бір-бірімен әңгімелесе алатын алғашқы электронды хабарландыру тақталары пайда бола бастады.
04.08.2014 09:06 22261

1970-ші жылдардың соңында адамдар бір-бірімен әңгімелесе алатын алғашқы электронды хабарландыру тақталары пайда бола бастады. Әрине, сол кезде бүгінгідей ыңғайлы болған жоқ, бірақ адамдарды ғаламторда біріктірудің бұл алғашқы қадамдары еді.

Әлеуметтік желілер тарихы

Келесі кезең, алғашқы on-line сервистердің пайда болуы еді. Әңгімелесуге арналған чатты жасаған бірінші компания CompuServe болды. Сервисте әңгімелесудің бір сағатына 30 доллар төлеу керек еді, бұл осы компанияның негізгі кемшілігі болды.

Кейін жедел хабарламалар жүйесі пайда болды.  Файлдарды жіберетін және чаттағы жедел әңгімелесудің бірінші сервисі, 1988 жылы MultiUser Talk программасын алмастырған  IRC (Internet Relay Chat) болды. 1991 жылғы «Шөлдегі дауыл» әскери операциясын «on-line» режимінде бүкіл әлемнен келген хабарламалар трансляциясынан кейін IRC-дің кең танымла болды. IRC – дің негізгі кемшілігі шектеулі қолдану болды.

1990 жылдардың ортасында ICQ құрылды,  ол жеке компьюерлерге арналған жедел хабарламалар жеткізудің бірінші жүйесі болды. ICQ-дің негізін Mirabilis компаниясы қалады.  Бүгінгі таңда ICQ Mail.Ru Group-тың құрамына кіреді, 2012 жылдың наурыздағы көрсеткіш бойынша әлем бойынша 23.4 млн. қолданушысы бар.

Әлеуметтік желілердің құрылуына келсек. Әлеуметтік желілердің пайда болуының басты себебі, ол әрине, адамдардың бір-бірімен әңгімелесуді қалауы.  

Бұрындары адамдар әңгімелесу үшін бір-бірімен кездесетін. Ер жігіт қызбен танысқысы келсе, көшеде танысып, серуендеуге шақыратын, киноға, театрға апаратын. Ал бүгінгі күні жастар қалай танысады? Таныс емес адамдарды әлеуметтік желідегі парқшасына қосып танысады.

Интернеттің пайда болуымен және таралуымен барлығы өзгере бастады. Достарыңмен тілдесу виртуалды әлмеге көше бастады. Бұл дұрыс па, бұрыс па, әркім өзі шешеді. Соңғы кездері адамдар бетпе-бет кездесуден гөрі әлеуметтік желілердегі тілдесуді қалайды.

Әлеуметтік желілердің пайда болуы мен дамуына не түрткі болды? Әрине тез дамып келе жатқан интернет.

Интернеттегі әлеуметтік желінің бірінші аналогі 1995 жылы Рэнди Конрадс іске қосқан Classmates болып табылады.  Сайттың аудармасы «Сыныптастар». Сайттың мақсаты сыныптастарды және мектептегі достарыңды табуға мүмкіндік жасау. Бастапқыда сайт танымал емес еді, өйткені профильді жасау және достарды қосу функциялары болмады. Ал сайт қолданушылары тек білім беру мекемелерінің және сонда оқыған оқушылардың тізімін ғана көре алатын. Classmates әлеуметтік желілердің пайда болуына түрткі болды.  Жоба нәтижелі болды, және де өз иелеріне табыс әкелді. Осыған қызығушылықпен қараған басқа адамдар өз әлеуметтік желілерін ойлап табуға кірісті. Бүгінгі күні сайт өз жұмысын жалғастыруда. Әлем байынша сайттың қолданушылар саны 50 млн.

Бүгінгі күннің біздің түсінігіміздегі бірінші толыққанды әлеуметтік желіні Эндрю Вейнрейх 1997 жылы іске қосқан SixDegrees-ті айтуға болады. Әлеуметтік желінің мақсаты «алты қолалысу» теориясын дәлелдеу еді.  

Келесі әлеуметтік желілер AsianAvenue, MiGente, BlackPlanet  1997 және 1999 жылдары аралығында пайда болды. Функционалдығы жағынан алдындағылардан қатты өзгешелік болмады.

1999 жылдың 18 наурызында америкалық студент-программист Брэд Фицпатрик «жанды журнал» Livejournal-ды құрды. Ол ТМД елдерінде кең танымал болды. Livejournal бірінші  болып топтарды құрып оларда хаталмасу мүмкіндігін берді. Осыны біз бүгін барлық әлеуметтік желілерден байқай аламыз.

2004 жылы Марк Цукерберг TheFacebook әлеуметтік желісінің негізін қалады. 2005 жылдан бұл желі Facebook деп атала бастады.  2008 жылы Facebook әлеуметтік желісі әлемдегі ең танымал әлеуметтік желіге айналды, және де бүгінгі күнге дейін көштің басында. Бүгінгі күні Facebook әлем бойынша Google-дан кейін ең көп танымалдылыққа ие екінші интернет сайт.

2006 жылы Джек Дорси Twitter жобасын іске қосты. Ол тез дамып келе жатқан жаңа әлеуметтік желіге айналды. Twitter-дің  ерекшелігі, тек 140 символдан ғана тұратын хабарлама жаза аласыз. 2010 жылдан бастап сайттан видео, фото көруге мүмкіндіктері пайда болды. Бүгінгі таңда Twitter әлем бойынша ең көп қаралатын сайттардың 10-на кіреді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға