Жаңалықтар

Леонардо Ди Каприо Қазақстан билігіне алғыс айтты

Леонардо Ди Каприо Қазақстан билігіне алғыс айтты
Фото: ©AP/Richard SHOTWELL 25.12.2023 09:19 11994

Голливуд актері Леонардо Ди Каприо өзінің Instagram-дағы парақшасында Қазақстан үкіметін жойылып бара жатқан жануарлар түрін сақтап қалудағы табысты жұмысымен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әңгіме ақбөкендер жайлы. Себебі 2002 жылы олар жойылудың алдында тұрған жануарлар түріне жатқызылған болатын.

2005 жылы Қазақстанда ақбөкен саны 48 мың болса, қазір 1,9 млн-ға жетті.

Бұл керемет нәтиже. Қазақстан үкіметін браконьерлермен күреске мейлінше көп күш жұмсап, қоршалатын жаңа аумақтар құрғанымен құттықтаймын. Ел билігінің табиғатты қорғау ұйымдарымен, қоршаған ортаны қорғау саласында еңбек ететін ғалымдар және оқу орындарымен бірлескен жұмысы оң нәтиже берді, - деп жазды актер.

Леонардо Ди Каприо көп жылдан бері қоршаған ортаны сақтауға ден қойып, жойылу қаупі туған жануарларды қорғауды қолға алған.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Leonardo DiCaprio (@leonardodicaprio)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға