Жаңалықтар

ЛЕНИНГЕ ХАТЫ

ЛЕНИНГЕ ХАТЫ
28.08.2014 06:38 3643

В.И.Ленин жолдасқа

Қырғыз (бұдан əрі – қазақ) ревкомы құрылған уақыттан бері 10 ай өтті. Ревкомның он айлық жұмысының қорытындысын шығара келгенде, ол өзінің ештеңе тындырмағанын айтуға тура келеді. Ревком жұмысы берекелі болмауын көптеген себептер- мен түсіндіруге болады, бірақ негізгі себеп екеу:

1)            Қазақ өлкесін басқаруға қойылған Орталықтың өкілінде айқын көзқарас болған жоқ. Мұның себебі Қазақ өлкесінің əлеуметтік жағдайларының өз ерекшеліктеріне байланысты орталықтың өзінде «Ресей халықтары құқықтарының декла- рациясы» мен Р.К.П. бағдарламасындағы принципті (қағидалы) нұсқауларынан басқа қазақ мəселесі жөнінде айқын көзқарас болмауы;

2)            Орталықтың өкілі мен халық арасында өзара сенім жоқ- тығымен түсіндіруге болады.

Патша үкіметі тұсында ұлттық езгі көріп, құлдыққа түскен қазақтардан артық бұратаналар болған жоқ шығар.  Ұлттық езгі ұлттық сезім туғызбай тұра алмайды. Езілген ұлттың бойында езушілерге қарсы жиіркеніш жəне өшпенділік сезімі үнемі дами бермесе де, сенбеушілік сезімінен басқа сезім ояна қоймайды. Қазақтарды ғасырлар бойы тонап, езгіге салып кел- ген орыс ұлтының пролетариаты өзін патша шенеуніктерінің орнын басып, езілген халықтардың мойнына мініп алғысы келетін құлдыққа салушы жаңа мырзалар емес, қайта оларды

азат етуші ретінде іс жүзінде дəлелдеп, көрсетуге тиіс. Солай бола тұрса да, жергілікті коммунист жолдастар қазақтарды ешнəрсе түсінбейді деп ойлайды, құйтырқы саясатқа салып, еңбекші қазақ халқына олардың тұрмысын кеңестер негізінде құруына туысқандық көмек көрсетуді ұсынбай, қайта оларға əр түрлі қулықпен өз үстемдігін танытып отыр.

Өздерін интернационалист-коммунистер деп атаумен ғана орыстар патша үкіметінің айла-шарғылы саясатымен ғасырлар бойы таныс орыс емес ұлттардың сенімін оята алмайды. Қазақтарда «Сары орыстың бəрі орыс» деген мəтел бар... Қазақ халқын алдайтын үміт артылған айла-шарғылы саясат сырт- тай жылтырағандықтан басқа елеулі ешнəрсеге жете алмайды. Патша үкіметінің сан ғасырлық езгісіне іштей өшпенділікпен жəне жиіркенішпен, үнсіз өз наразылығын белгілі бір түрде көрсететін жағдай туғанша ғана созылуы мүмкін.

Орыс пролетариаты үшін қазақтар жөнінде екінің бірін таңдауы ғана қалды: не билеп-төстеуші жағдайына  ие  бо- лып жəне барлық жерде патша губернаторлары мен генерал- губернаторларының орнына жаңа  диктаторлар  тағайындап, өз үстемдігін күштеп таңып бағындыру, не қазақтың еңбекші халқының сеніміне ие болу. Бірінші жол айқын да түсінікті: оны қазақтар іс жүзінде көрді, əр түрлі билеп-төстеуші патша- лар жеткілікті дəрежеде өздерін көрсетті. Ал, екінші жол бірша- ма қиын жəне бірсыпыра түсіндіруді керек етеді. Оның есесі- не, біріншісін таңдаған жағдайда қандай да болсын кеңестік құрылыс сəтсіз болуы мүмкін, ал, екіншісін таңдаған жағдайда жаңа құрылыстың іргетасы берік негізге қаланатын болады.

Мəселе мынада: қазақтар арасында халқы толық сенетін, жəне жаза болып жаңылса да, жеке басының игіліктері мен пайдасын көздеп, өз халқын ешқашанда саналы түрде сатып кетпейтін зиялылардың белгілі бір бөлігі бар.

Қазақтардың сеніміне ие болғысы келетін орыс пролетариа- ты үшін ең төте жол осы зиялылар арқылы өтеді. Бірақ бұл үшін осы зиялыларға Кеңес үкіметі сенім көрсетуі керек. Қазаққа қатысты барлық қиындық кешегі қазақтардың өзін езушілерге сенім білдіре алмайтынында, ал Кеңес үкіметі тиісінше, кешегі қарсыластарына əлі де сенім білдіре алмай отыр.

"Ел - шежіре"

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға