Жаңалықтар

ЛЕНИНГЕ ХАТЫ. Жалғасы

ЛЕНИНГЕ ХАТЫ. Жалғасы
28.08.2014 06:28 3390

Қазақтардың көзқарасын өзгерту жəне оларды керісінше, иландыру үшін коммунистер өздерін ұлтқа бөлмейтін, əлсіз- дерді езушілер емес, керісінше, езілгендерді азат етушілер екенін дəлелдеп, көрсетуге тиіс. Бұл үшін, біріншіден, шет аймақтарда судай таза интернационалистер жоқ немесе мүлде аз. Өздерін интернационалистер деп атаушылардың көбі шын мəнінде ұлтшылдар, империалистер; екіншіден, бұған қазіргі жағдайлар сай келмейді: республикадағы өнеркəсіп дағдарысы салдарынан Орталықтың алғашқы кезде халықтан көбірек алып, оған азырақ беруіне тура келіп отыр. Мұны қазақтар дұрыс түсінбеуі мүмкін, өйткені олар патша үкіметі бізді тонап келген еді, кеңес үкіметі де нақ солай істеп отыр деп ойлай- ды. Сөйтіп, істің практикалық жағынан талдағанда, екі жақтан да сенбестік болмай қоймайды; ал егер теориялық жағынан қарасақ, сенбестікке орын болмауы тиіс.

Шынына келгенде, қазақ халқы тарапынан сенімсіздік орын алмауы тиіс болатын себебі, енді үкімет басында қазақтарды талап-тонап, езгіге салып келген ұлтшыл-империалистер отырған жоқ, қайта əлсіз халықтарды күштілерден езгіге азат ету мақсатын көздейтін интернационалист-коммунистер отыр; нақ сол сияқты Кеңес үкіметі тарапынан зиялы қазақтарға сенімсіздік орын алмауы тиіс. Себебі, егер революция (төңкеріс) кезінде зиялылар большевиктерге ермеген болса, олардың өз халқын азат етуге қарсы болғандығынан емес, қайта, халықтың төңкеріске дайындалмағаны салдарынан, мақсатқа бейбіт жол- мен жетуді ойлап, тəуекелге бел байлай алмағандығы еді, яғни халықты азат ету жолын таңдауда қателескен болатын. Енді, дұрыс жол табылып, теориялық жағынан ғана емес, іс жүзінде де дəлелденген кезде, өз халқын азат етуді шын жүректен тілейтін тілейтін қазақ зиялылары интернационалдан басқа өзгеше жол таңдай алмайды. Егер осындай зиялы қазақтар болса, олар коммунистер емес, адал ұлтшылдар болғанымен, Кеңес үкіметінің оларға толық сенуіне болады, өйткені олар халқын шын сүйеді, халық мүдделері оларды Кеңес үкіметіне жақындасуға мəжбүр етеді.

Сонымен, өзара сенімге қол жеткізудің екі жолы бар: олардың бірі – коммунистер қазақ халқын талап-тонап, езгіге салып кел- ген империалистер емес екенін қазақтарға іс жүзінде дəлелдеп көрсету. Бұл ұзақ жол. Ал екінші жол – неғұрлым оңай жəне тез жететін жол. Бұдан халық бұқарасының қисынды қорытынды жасауға шамасы келмейді, ал Кеңес үкіметінің басында тұрған адамдарға оңай. Неліктен? Өзара сенімге алғашқы қадамды Кеңес үкіметі жасауы керек. Екі жақтан да сенім болмайын- ша, Қазақ өлкесінде жұмыстың жолға қойылуы мүмкін емес, мұны Қазақ ревкомының (төңкеріс комиссариаты) 10 айдағы өмірі көрсетті. Қазақтардың нені қалайтыны жəне олардан Кеңес үкіметінің не тілейтіні жөніндегі негізгі мəселе əлі де беймəлім болып қалып отыр, мұның өзі жергілікті жерлерде түсінбеушілік туғызуда.

 "Ел - шежіре"

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға