Жаңалықтар

Әлемнің ең үлкен медиа конгломераттарын білесіз бе?!

Соңғы жылдардағы медианарыққа талдау жасасаңыз, бір тенденцияны байқауға болады
25.06.2014 09:55 5203

Соңғы жылдардағы медианарыққа талдау жасасаңыз, бір тенденцияны байқауға болады: сіз білетін танымал медиа компаниялардың көбі бірігіп, бір «шатыр астында» жұмыс істейді, яғни олар үлкен бір медиа корпорацияның бір мүшесі ғана. Мәселен, сіз үшін бір телеарна екіншісінен жақсырақ болу мүмкін, бірақ бұл  екеуі де бір компанияға тиесілі. Осыны білгеннен соң, сіз үшінші арнаға ауысасыз, бірақ ол да сол компанияның иелігінде. 

Әлемнің ең үлкен медиа конгломераттарын білесіз бе?!

Бүгінгі күні медиа саласында жалғыз бір компанияны редакцияны немесе телеарнаны ұстап тұрған компания өте сирек кездеседі. Біз үшін бұдан былай FOX немесе NBC дара медиа компания емес. Олардың әрқайсысының артында үлкен бір алпауыт корпорация тұр және осы мақалада соларға қысқаша тоқталамыз:

X. Bertelsmann SE & Co. KGaA

Әлемнің ең үлкен медиа конгломераттарын білесіз бе?!

Тізімді германиялық медиа алпауыт Bertelsmann бастайды. Оның бір жылдық тапқан табысы 21 млрд $ құраса, соның 800 млн. $ таза пайда. Bertelsmann құрамына: Еуропадағы ең ірі телеарна холдингі  - RTL Group (54 телеарна және 32 радиостанция); Журнал шығарушы - Gruner + Jahr (285 журнал мен газет); Әлемнің ең ірі кітап шығарушысы - Random House. 

IX. Gannett Company Inc.

Әлемнің ең үлкен медиа конгломераттарын білесіз бе?!

Gannett Company, Inc. – штаб-пәтері АҚШ-тың Вирджиниясында орналасқан ең ірі америкалық медиа-холдинг. Компания иелегіне USA Today, USA Weekend секілді республикалық газеттер мен The Arizona Republic, The Indianapolis Star, The Cincinnati Enquirer, The Tennessean, The Courier-Journal, Democrat and Chronicle, The Des Moines Register, Detroit Free Press және The News-Press секілді жергілікті газеттер кіреді. Gannett құрамына сондай-ақ, 20 телеарналық станция кіреді. 2012 жылы 5 млрд. $ табысқа ие болған Gannett 2013 жылы бұл көрсеткішті едәуір көбейтіп аталмыш тізімнің 9-орнына жайғасты.

VIII. CBS Corporation

Әлемнің ең үлкен медиа конгломераттарын білесіз бе?!

2006 жылы Viacom-нан бөлініп, жеке дара компанияға айналған CBS интернет телеарналар мен радио станцияларға иелік етеді. CBS бір жылда 14 млрд $ шамасында табысқа кенеліп, оның 1,3 млрд $ таза пайда күйінде сақтап келеді. 

VII. British Sky Broadcasting Group Plc

Әлемнің ең үлкен медиа конгломераттарын білесіз бе?!

Англия нарығына негізделген бұл компанияның жылдың табысы 10 млрд. $, таза табысы $1.9 млрд. $. Табысының көп бөлігі ағылшын Премьер Лигасы (футбол) арқасында келеді: British Sky  аталмыш доп додасын экраннан көрсету құқығына ие болып, өзінің Sky Sports арнасы арқылы бүкіл әлемнің назарын өзіне бұрып отыр. Сондай-ақ, Sky АҚШ-тың «Симпсондар» және «24» секілді кең танымал телеарналық шоуларын көрсетеді. 

VI. Liberty Media

Әлемнің ең үлкен медиа конгломераттарын білесіз бе?!

Бір жылда 11 млрд. $ тауып, оның 2 млрд. $ таза пайдаға шығаратын Liberty Media тізімнің алтыншы орнында. Табысының көп бөлігі Barnes & Noble (17%) және Sirius-XM (49%) секілді өз жобаларына инвестиция салу арқылы келеді. Сондай-ақ, Liberty Media Time Warner және Viacom сияқты алпауыттардың шағын бөліктегі пайыздық үлесіне ие. 

V. News Corporation

Әлемнің ең үлкен медиа конгломераттарын білесіз бе?!

News Corporation – атақты медиа магнат Руперт Мердоктың иелігіндегі халықаралық медиахолдинг. Құрамына: 20th Century Fox, Fox News, Wall Street Journal, The Times of London. Корпорация 2012 жылы 34 млрд $ табыс тауып, оның 1,1 млрд $ таза табысқа шығара білді. Атақты National Geographic және Nat Geo Wild арналары да осы корпорацияға кіреді. 

IV. Viacom

Әлемнің ең үлкен медиа конгломераттарын білесіз бе?!

Viacom – құрамына MTV Networks, BET, Nickelodeon секілді спутниктік каналдар кіретін және фильм таратумен айналысатын (Paramount Pictures) америкалық медиа конгломерат. Жылдық табысы 15 млрд. $ жететін бұл корпорацияның таза пайдасы 2 млрд $ құрайды.  Компанияның қазіргі құрылымы 2006 жылы ескі Viacom-нан CBS Corporation бөлініп шыққаннан кейін пайда болды.

III. Time Warner Inc.

Әлемнің ең үлкен медиа конгломераттарын білесіз бе?!

Time Warner 2012 жылы 29 млрд $ табысқа кенеліп, оның 3,5 млрд $ таза пайдаға шығарды. Құрамына: Turner networks TBS, TNT, HBO, CNN телеарналары мен Warner Brothers студиясы және Time журналы кіреді. 

II. The Walt Disney Company

Әлемнің ең үлкен медиа конгломераттарын білесіз бе?!

The Walt Disney Company – көңіл көтеру индустриясы бойынша әлемнің ең үлкен конгломераттарының бірі.  42 млрд  $ тауып, оның 5,5 млрд $ үнемдей білген Disney екінші орынға жайғасты. Компания анимациялық өнімдерді белсене шығарады (Walt Disney Pictures және Pixar). Атақты АBS телекомпаниясы да осы Disney құрамында. 

I. Comcast Corporation

Әлемнің ең үлкен медиа конгломераттарын білесіз бе?!

Comcast 2013 жылы 62,5 млрд. $ табысқа қол жеткізіп, оның 6 млрд. таза пайдаға айналдырды. Өзінің ірі аттас студиялары мен телекешендерінен бөлек бұл корпорацияға біз білетін NBC Universal мен Universal студясы кіреді.

P.S. Байқасаңыздар, рейтинг табыс бойынша емес, таза пайда бойынша жасалған. Бұл дегеніңіз кей корпорациялар көп тапқанымен, біршама шығынға да батады. Ал кейбіреулері аз тапса да, шығын мөлшері төмен болуының арқасында көп пайда көреді.

 

Мақаланың түпнұсқасын мына сілтемеден көре аласыздар: http://elitedaily.com/money/the-worlds-10-largest-media-conglomerates/

Аударған: Дархан Өмірбек. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға