Әлемнің 30 тілін меңгерген полиглоттың тілдерді жеделдете оқыту бойынша шеберлік сыныбы Атырауда өтті

Атыраудағы Достық үйінде мемлекеттік тілді оқыту бойынша инновациялық экспресс-методологияның авторы, полиглот Владислав Тенмен кездесу өтті.
Өзінің іс-тәжірибесінен қазақ тілінде шеберлік сабағын жүргізген Владислав Тен мемлекеттік тіл мен корей тілін жеделдете оқытудың тиімді жолдарына тоқталды.
Ташкент қаласында туып-өскен Владислав Тен бала күнінен тіл үйренуге деген қызығушылығы оянғанын айтып, қазақ тілін бір жылдың ішінде меңгеріп, бүгінде 30-ға жуық тілдерді оқып үйренгенін, сол арқылы тіл оқыту орталықтарын ашқанын қызықты әрі тартымды етіп жеткізді.
Сондай-ақ, тілдерді меңгеруде арнайы жасалған әдістемемен жұмыс жүргізген әлдеқайда ыңғайлы деп көрсеткен тіл үйретуші қазақ тілін тез үйренуде қолданылатын әдіс-тәсілдердің бірнеше жолдарына түсінік беріп өтті.
