Жаңалықтар

Әлемдегі ерекше кітап дүкендері!

«Кітаптар менің сөмкем» атты Ұлыбританиялық кітап сату санын көбейтуге негізделген бағдарламаның жетекшісі Джен Кемпбелл көрермендерге ең ерекше және экзотикалық кітап дүкендерінің фотобаянын ұсыныпты. Соны тамашалайық.
18.10.2014 11:43 11722

«Кітаптар менің сөмкем» атты Ұлыбританиялық кітап сату санын көбейтуге негізделген бағдарламаның жетекшісі Джен Кемпбелл көрермендерге ең ерекше және экзотикалық кітап дүкендерінің фотобаянын ұсыныпты. Соны тамашалайық.

Әлемдегі ерекше кітап дүкендері!

Ликей кітап дүкені, Инвернесс, Шотландия

Бұл жеке меншіктегі қолданылған кітаптарды сататын дүкен 1979 жылы Инвернесс қаласындағы ескі Гэльдік шіркеу ғимаратында пайда болған. Кемпбелл ханымның айтуынша бұл дүкен әйгілі жазушы Али Смиттің сүйікті орны болған. «Ол жолдың арғы бетіндегі кафеде жұмыс істеп, тапқан табысын дүкеннен кітап сатып алуға жарататын» – дейді Джен Кемпбелл.

Әлемдегі ерекше кітап дүкендері!

«Атлантис кітаптары» дүкені, Санторини, Грекия

2004 жылы Санториниге демалысқа келген екі Оксфорд студенті ішімдік ішіп, мас болған кездерінде Санториниде кітап дүкенін ашатын боп шешеді. Алғашқыда өз-өздеріне деген сенімсіздіктеріне қарамастан, оқуларын бітіріп, заттарын жүк машинасына тиеп, Грекияға біржола кітап дүкенін ашатын боп келеді. Қазір дүкен жақсы жұмыс істеп келеді. Дүкеннің артқы жағында шағын кітап баспаханасы орналасқан. Ал, дүкеннің кіреберісінде «кітап оқу кезінде жалға мысық алсаңыз да болады» деген жазу бар екен.

Әлемдегі ерекше кітап дүкендері!

«Кітап дүкені», Уигтаун, Шотландия

Бұл қолданылған кітаптарды сататын Шотландиядағы ең үлкен дүкен. Дүкеннің жүз мыңнан астам кітаптары болса, сөрелерінің жалпы ұзындығы 1,6 километрге дейін жетеді екен. Бұл кітап дүкенінің махаббат оқиғасы да бар: Америкалық Джессика Фокс есімді бойжеткен Лос-Анжелес қаласындағы NASA компаниясында жұмыс істеп жүреді. Өзінің кішкентайынан келе жатқан кітапқұмарлығының және Шотландияны көрсем деген арманының арқасында ол осы дүкенде жұмыс істейді. «Google-ге Шотландиядағы қолданылған кітап сататаын дүкен, деп жазып едім, ең бірінші шыққан сілтемеге кіріп, бір сәттен ғашық болдым»- дейді Джессика.  

Әлемдегі ерекше кітап дүкендері!

«Әңгіме жаз» дүкені, Португалия

«Әңгіме жаз» дүкенінің ерекшелігі де, тиімділігі де бір затта. Ол - дүкеннің фургон-көлікте орналасқандығы. Жобаның негізгі мақсаты Португал әдебиетін ағылшын тілінде туристерге үйрету. Команда мемлекет ішін аралап, қалам мен пошта хаттарын таратумен де айналысады екен. Адамдар алған қаламдары мен хаттарға әңгімелерін жазып, достарына жібереді. Сол арқылы әңгіме жазу мәдениетін жалғастырмақшы.

Әлемдегі ерекше кітап дүкендері!

«Бартер кітаптары» дүкені, Алнуик, Англия

Бұл дүкен кітапқұмар адамдардың арманы. Поэзия шығармаларынан бөлек, екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі бұнан соңды жарияланбаған постерлердің де Отаны екен.

Әлемдегі ерекше кітап дүкендері!

«Роберти ғимаратындағы кітапхана», Бассано дель Граппа, Италия

Бұл кітапхананаың ерекшелігі, кітапхана орналасқан ғимарат 18 ғасырда тұрғызылған көрінеді. 3 қабатты ғимараттың қабырғалары Джамбатиста Тиеполоның шәкірті Джованни Скьяроның фрескаларымен безендірілген. Бұдан бөлек, ғимарат фото көрмелер мен классикалық концерттер өткізуге де қолданылады.

Әлемдегі ерекше кітап дүкендері!

«Кітап баржасы», Лихфильд, Англия

18 метрлік тар «кітапхана-қайық» 2011 жылдан бері Англияның су каналдарында жүзіп жүр. Қайық иесі Сара Хеншоу Франциядан кішкене жер сатып алып, қайық-кітапхананы сонда алып бармақшы.

Әлемдегі ерекше кітап дүкендері!

«Мунро кітап дүкені», Виктория, Канада

Нобель жүлдесінің иегері Алиса Мунро мен оның жұбайы Джим Мунро 1963 жылы Виктория қаласында кинотеатрлар жанынан өз кітап дүкендерін ашады. Қазір дүкен ескі банк орнына көшіп, жұмысын жалғастыруда.

Әлемдегі ерекше кітап дүкендері!

Джордж Байнтун, Бат, Англия

Джордж Байнтунның кітап мұқабалау цехі 1800-ші жылдан бері жұмыс істеп келеді. Қазір ұжымда 11 кісі бар.

Әлемдегі ерекше кітап дүкендері!

«Ән шырқайтын жел» кітап дүкені, Аризона, АҚШ

Дүкен иесі Уинифред Банди 40 жылдан бері жұмыс істеп келеді. «Ән шырқайтын жел» дүкенінің басқалардан ерекшелігі, ол айдаладағы ферма жанында орналасқан екен (ең жақын қалаға дейін шамамен 6,5 километр).

Әлемдегі ерекше кітап дүкендері!

Калкуттадағы кітап сатушы, Үндістан

Калкутта қаласының Колледж көшесі «Бой Пара» (Кітаптар колониясы) есімімен әйгілі. Баспаханалардың барлығы көше бойында орналасқан. Көшенің ұзындығы 1 километрге жақын екен.

Әлемдегі ерекше кітап дүкендері!

«Кітапқұмар» дүкені, Пекин, Қытай

«Кітапқұмардың» ерекшелігі, кітапхана ішінде кітап оқуға да, ішіңіз пысса билеп, ән айтсаңыз да болады. Кейде кітапханада жоспарланбаған ән кештері де кенеттен ұйымдастырылып кетеді екен.

Әлемдегі ерекше кітап дүкендері!

Джон К. Кинг атындағы қолданылған және сирек кездесетін кітаптар дүкені, Детройт, АҚШ

Кинг кітап дүкені 1940 жылдары салынған былғары қолғап шығару зауытында орналасқан. Кітап дүкені зауыт ғимаратына 80 жылы көшіп келіпті. Дүкеннің ұжымына 22 адам, 2 ит және 2 шымшық құсы кіреді.

Әлемдегі ерекше кітап дүкендері!

«Ди-дің» кітап дүкені, Пном Пен, Камбоджа

Ванта Дук есімді қыз басқа да кхмерлер секілді өте кедей отбасынан шыққан болатын. ағылшын тілін оқу үшін бірнеше жерде жұмыс істеп, ақша жинайды. Ыңғайы келіп, тәтесі американдық кітап сатушымен таныстырып, ол кісі Камбоджада ашқалы жатқан «Ди-дің кітап дүікеніне» жұмысқа қабылдайды. 6 жылдан кейін Ванта американдықтан дүкенді сатып алады.

Әлемдегі ерекше кітап дүкендері!

«Фьяерланд кітап ауылы», Норвегия

Фьяерланд Еуропадағы ең үлкен мұздық жанында орналасқан кітапхана.  Кітапхана ескі қонақ үйінің ішіне жасалған екен.

Суреттердің дереккөзі: The Guardian

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға