Әлемдегі ең жас миллиардер
FACEBOOK әлеуметтік желісінің негізін қалаушысы, бас директоры Марк Цукерберг әлемдегі ең жас миллиардер болып табылады. Ол 1984 жылдың 14 мамырында Нью Йорк штатындағы Уайт Плейнс қаласында дүниеге келген. Оның әкесі тіс дәрігері, ал анасы психиатор болып жұмыс істеді. Оның үш әпкесі бар.
Мектепте оқыған кезінде компьютерлерді бағдарламалаумен айналысты. AOL және Micсrosoft тарапынан ұсынылған жұмыстан бас тартып, Гарвард университетінің психология факультетіне оқуға түсті. Марк Гарвардта оқыған кезде ІТ курстарына қатысып жүрді.
Өзінің тұңғыш «әлеуметтік» жобасын 2003 жылы іске асыра бастады. Гарвард университетінің екінші курсында оқығанда жатақхана тұрғындарының фотосуреттердің ақпарат базасын бұзып, оларды Facemash сайтына салды. Сайтта екі фотосуреттен берілді, сайтқа кірушілер ұнаған суреттін біреуін таңдау керек еді, осы арқылы рейтинг құрыла бастады. Facemash студенттер арасында тез танымал бола бастады, бірақ Цукерберг бір айдан кейін осы сайтты жабуға мәжбүр болды, өйткені оқу орнының әкімшілігі оған сайтты жаппаса оқудан шығарып тастайтынын ескертті.
Цукербергтің өзінің айтуы бойынша, Facemash тәжірибесі «Гарвардты одан да ашық ету» және парольденген қолданушылардың альбомына альтернатива жасау. 2003 жылдың соңында Марк жоғары курс студенттері Кэмерон мен Тайлер Винклвосстардың және Дивья Нарендраның HarvardConnection.com деген студенттердің танысу сайтын жасауды көмектесуге келісім берді. Бірақ, 2004 жылдың қаңтарында сайтты жеке өзі ашуға кірісіп, бір айдан кейін, 4 ақпанда Гарвард студенттерінің жабық әлеуметтік желісі thefacebook.com адресі бойынша іске қосты. Маркқа Дастин Московиц, Крис Хаг және Эдуардо Саверин көмектесті. Жаңа сайттың функцияларының аз болғанына қарамастан, ол Гарвард студенттерінің арасында тез танымал болды. Цукербергтің дальтонизміне байлансты thefacebook – тің негізгі безендірілген түсі көк болды.
2004 жылдың маусымында Цукерберг Билл Гейтсен үлгі алып, Гарвардтағы оқуды тастап, Пало Альтоға көшіп, сол жерде өз сайтына жетекшілік етуді жалғастырды. 2004 жылдың ортасына қарай Цукерберг компанияны заңды тұлға ретінде тіркеп және оның бас директоры болды. Бастапқыда әлеуметтік желіні қаржыладыру жағынан Цукербергке ата-анасы көмектесті. Олар 85 мың доллардай ақша берді. Кейін Марк инвестиция тарта бастады. PayPal – дың негізін қалаушысы Питер Тиль Фейсбукқа жарты миллион доллар бөлді. 2005 жылдың тамызында 200 мың долларға facebook.com домені сатып алынып, компанияның ресми атауы Facebook болатын болды.
2008 жылдың Forbes-тың бағалауы бойынша Цукербергте 1,5 миллиард доллардың, ал 2010 жылдың бағалауы бойынша 6,9 миллар доллардың иесі. 2010 жылы Vanity Fair журналы Цукербергті ең ықпалды адам деп атады. Сол жылы, «Жыл адамы» титулын оған Time журналы сыйлады. 2011 жылы Fortune журналы дайындаған тізім бойынша Цукерберг 40 жасқа дейінгі табысты бизнесмендердің көшін бастады.