Жаңалықтар

Әлем сарапшылары манифест туралы

Батыс пен Шығысты толғандыратын мәселелерді ашық талқылауға шақыратын форум, биыл да өз әдетінен таймай көкейкесті проблемаларды сұхбат алаңына шығарды.
22.04.2016 04:56 4937

Әлем сарапшылары манифест туралы

21 сәуірде ХХІ Еуразиялық медиа өз жұмысын салтанатты түрде бастады. Шара әлемнің 50 елінен 30 спикер мен 400 делегаттың басын қосты. Батыс пен Шығысты толғандыратын мәселелерді ашық талқылауға шақыратын форум, биыл да өз әдетінен таймай көкейкесті проблемаларды сұхбат алаңына шығарды. Осыған орай El.kz журналисі әлемнің  үздік сарапшыларынан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастаған «Әлем. ХХІ ғасыр» атты манифес туралы пікір алды.

Әлем сарапшылары манифест туралы

– Рэй Хаммонд, футуролог, Ұлыбритания:

 Қазақстан Президентінің Вашингтондағы IV ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитте жариялаған «Әлем. XXI ғасыр» атты манифесі уақыт ағымына сай деп ойлаймын. Оның шара барысында көтерген мәселелері жалпы адамзат үшін аса маңызды. Менің ойымша, қарудан бас тарту өте дұрыс шешім. Сонымен қатар, ядролық технологияларды энергия алу үшін қолдану керек. Себебі климаттың өзгеруі мен жаһандық жылыну кезеңінде бұл қуат көзі таптырмас байлық болатыны сөзсіз. Біздің еліміз аталмыш манифестті құптайды.

Әлем сарапшылары манифест туралы

– Саймон Анхольт, саяси мәселелер жөніндегі кеңесші, экономист, Ұлыбритания:

– Қазақстан әлем бойынша бейбітшілік орнатуға үлес қосқысы келеді. Бұл өте қуантарлық жайт және керемет стратегия деп ойлаймын. Тіпті бұдан асқан ұтымды стратегия жоқ дей аламын. Сіздің еліңіздің саяси шешімі өзгелерге үлгі болады деген сенімдемін. Соғыссыз, қарусыз әлемге мен сенемін. Өмір де міндетті түрде өзгереді. Экономикалық тұрғыдан айтар болсам, қаруландыруға елдер қомақты қаражат жұмсайды, ал егер сол ақшаны өзге пайдалы нәрсеге бөлсе әлем өзінің дамуын жалғастырады. Білім, технология, инновация секілді салаларға көбірек назар бөлген дұрыс. Қазақстан алған бағытынан таймай, әлемнің назарын аудартатындай әрекеттерін жалғастыру керек.   


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға