Жаңалықтар

ӘЛЕМ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ДЕМОГРАФИЯСЫ

ӘЛЕМ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ДЕМОГРАФИЯСЫ — Жер шарын мекендеген ұлттар мен ұлыстардың өсіп-өну деңгейі мен даму сатыларын, олардың болашақта сан жағынан көбею мүмкіншілігін зерттеп, ғылыми болжамдар жасайтын жан-жақты ақпараттық жүйе.
28.08.2014 12:28 10172

ӘЛЕМ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ДЕМОГРАФИЯСЫ — Жер шарын мекендеген ұлттар мен ұлыстардың өсіп-өну деңгейі мен даму сатыларын, олардың болашақта сан жағынан көбею мүмкіншілігін зерттеп, ғылыми болжамдар жасайтын жан-жақты ақпараттық жүйе. Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) ұсынысы бойынша әрбір он жылда бір рет оған мүше мемлекеттердің барлығы халық санағын жүргізіп отырады. Ә. х. д-на арналған ЮНЕСКО мен БҰҰ-ның соңғы халықар. ғыл. конференциясы 1994 ж. 5 — 13 қыркүйекте өткізілді. Египет астанасы Каирде өткен бұл конференцияға 191 мемл-пен бірге тұңғыш рет Қазақстанның ресми үкіметтік делегациясы да қатысты. Ә. х. д-н зерттейтін мемлекетаралық ұйымдар қатарына БҰҰ жанындағы ЮНИСЕФ, әлемдік денсаулық ұйымы (ВОЗ), Әлемдік азық-түлік ұйымы (ФАО), БҰҰ-ның демогр. дамуға әсер ету ұйымы (ЮНБА), Парламент мүшелерінің демогр. мәселелері бойынша әлемдік к-ті (СМРД), Елді мекендер жөніндегі Халықаралық Хабитат ұйымы, Халықтардың өсіп-өнуін жоспарлау мен реттеу жөніндегі әлемдік ұйым (ВДНП) т.б. жатады. Қазақ халқы өзінің табиғи түрде өсіп-өну қарқыны жағынан Ә.х.д-лық даму деңгейінен төмен түсіп барады (тиісінше әлем бойынша орта көрсеткіш 1998 ж. — 1,5%, қазақтарда — 1,1%). Мұндай тез бәсеңсу (демогр. депрессия) нарықтық экон-ға жедел енуден туған тұрмыстық, экон. және әлеум. қиыншылықтарға байланысты. Ә.х.д. бойынша (1994 ж.) Жер шарында адамзат баласының жалпы саны 6 млрд-қа жақындап қалды. Оның сандық өсіп-өнуінің алғашында қатты бәсеңсіп, кейін мүлдем тоқтауына негізінен қоршаған ортаның нашарлауы ғана емес, адамзат қоғамының нарықтық, әлеум.-экон. жедел дамуы және халықтардың демогр. мінез-құлқы тез өзгеріп, қайтадан тығыз жақындауы себеп болды. Халықтардың ең жоғары өсімі 20 ғ-дың екінші жартысы мен 21 ғ-дың бірінші жартысындағы демогр. дүмпу немесе өсіп-өну тасқыны ретінде сипатталады. Осы жүз жыл ішінде (1950 — 2050 ж.) жер шарында тұрғындар саны 9 млрд-қа дейін жедел өсе түспек. Оның салдарынан қоршаған ортаға күшті қысым жасалып қана қоймай, табиғи байлық қоры таусылып, азық-түлік тапшылығы күшейе түсуі мүмкін. Сондықтан халқы тығыз орналасқан Қытай, Үндістан, Бангладеш, өзбекстан, Египет, Нигерия, Мексика, Коста-Рика, Парагвай, Гаити сияқты елдерде халық санының өсімін теңеуге, тіпті тоқтатуға арналған белсенді демогр. саясат ұсынып отыр. Бұған, керісінше, жері кең, халқы сирек, табиғи байлығы толық меңгерілмей жатқан Канада, Австралия, Бразилия, Ангола, Қазақстан, Моңғолия сияқты елдерде тұрғындар санының кемімей, қайта өсуіне күш салынуда.

өзінің ұлттық мүддесі мен аймақтық жағдайына сәйкес ҚР Еуразияның кіндік ортасында үлкен территорияда орналасқан жас мемлекет ретінде халқының тұрақты өсуіне және геостратег. жағдайының орнықты болуына бағытталған белсенді де тиімді демогр. саясатты ұстанып отыр. Ол Республика Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында ұлттық қауіпсіздік шараларына енгізілген.

Әдеб.: Назарбаев Н., “Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы”, А., 1998; Тәтімов М., Ақшалова М., “Қазақстан Республикасында дербес демографиялық саясаттың қалыптасуы”, А., 1997.

М. Тәтімов

"Қазақстан энциклопедиясы"

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға