Жаңалықтар

Әлем чемпионатының ашылу салтанатынан не күтеміз?!

Бразилияда өтетін футболдан Әлем чемпионатының ашылу салтанаты 12 маусымнан 13 маусымға қараған түні Сан-Паулу қаласындағы (Коринтианс) аренада өтеді.
11.06.2014 05:36 3624

Бразилияда өтетін футболдан Әлем чемпионатының ашылу салтанаты 12 маусымнан 13 маусымға қараған түні Сан-Паулу қаласындағы (Коринтианс) аренада өтеді. 2014 жылғы Әлем чемпионатының ашылу салтанатында 600-ге жуық әртіс өнер көрсетеді. Әлемге танымал әнші Дженнифер Лопес те осы ашылу салтанатында өнер көрсетеді. Осыдан бірнеше күн бұрын Дженнифер Лопес бұл салтанатты рәсімге қатысудан бас тартқан еді. Алайда әншінің жеке агенті бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Әлем чемпионатының ашылу салтанатынан не күтеміз?!

«Дженнифер Лопес тыңдармандарын сыйлағандықтан Бразилияда өтетін футболдан Әлем чемпионатының ашылу салтанатында өнер көрсетеді», – деді агенті.

Әлем чемпионатының ашылу салтанатынан не күтеміз?!

Дженнифер Лопес жақында футболдан Әлем чемпионатына арнап кубалық репер Питбулмен «We Are One» атты ән жазып шыққан еді. Сол әнді ашылу салтанатында орындауы әбден мүмкін.

Сондай-ақ, әлем чемпионатының ашылу  салтанатында тек спорт сүйер қауым үшін ғана емес, адамзатқа ой тастайтын инженерлік тұрғыда да қойылымдар болады. Мәселен, екі аяғы сал болып қалған адам экзо құрылғылардың көмегімен алаңға шығады. Ең алғашқы допты тебетін де сол мүмкіндігі шектеулі жан.

Бұл экзо құрылғына ойлап тапқан Мигель Николелис есімді ғалым. Осы жұмысқа өмірінің 30 жылын арнапты. Ойлаған мақсатын жүзеге асыру үшін әлемнің 156 мамамын командасына шақырған екен. Аталмыш құрылғының артықшылығы барлық қимыл сол мүмкіндігі шектеулі адамның миына бағынады. Ми қандай бағыт берсе соны жүзеге асырады.

Әлем чемпионатының ашылу салтанатынан не күтеміз?!

Мигель Николелис ең алғаш осы тақырыптағы докторлық дисертациясын 1984 жылы қорғап шығады. Сондай-ақ, бұл бастаманы 2009 жылы жүзеге асырады.

«2009 жылы Бразилия футболдан Әлем чемпионатын өткізу құқығын иеленген соң маған ұсыныс түсті. Бізде тек талантты футболшылар ғана емес, талантты ғалымдар да бар екенін әлем көрсін. Сен осы жұмысыңды Әлем чемпионатының ашылу салтанатында көрсетесің деді. Біздің жұмысымыз мемлекеттің көп қаржысына қол салды деп сынға алғандар бар. Алайда бұл жұмысты атқаруға екі жыл ішінде небәрі 14 млн. АҚШ доллары жұмсалды. АҚШ-та ғалымдар бір мұндай механиканың тек қол бөлігін жасап шығу үшін бізден бес есе көп қаржы жұмсайды» дейді Мигель Николелис.

Әлем чемпионатының ашылу салтанатынан не күтеміз?!

2014 жылдан бастап Мигель Николелис өзі таңдаған 40 маманмен бірігіп, күні-түні жұмыс істеп, 24 сәуірде аталмыш жұмыстарын толыққанды мәресіне жеткізеді.

Әзірге бұл экзо құрылғыны (экзоскелет) киіп, алғаш болып допты тебетін мүмкіндігі шектеулі жанның есімі белгілі болған жоқ.

Ашылу рәсімі аяқталған соң алаң қожайындары Бразилия мен Хорватия арасындағы алғашқы матч өтеді. Бұл матчқа төрешілік жасайтын 42 жастағы жапон маманы Юити Нисимура.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға