Жаңалықтар

Әлем чемпионатындағы қызықты статистикалар!

Әлем чемпионатында қатысқан жалғыз мүгедек футболшы бар.
12.06.2014 05:02 4650

«Футбол – бұл ойын. 90 немесе 120 минут бойы бір доптың соңында 22 футболшы жүгіреді. Бірақ соңында немістер жеңіп шығады» деген сөзді бәріміз айтып жүреміз.Бұл фразаны негізі ағылшынның атақты футболшысы Гари Линекер айтқан болатын. Ол 1986 жылғы әлем біріншілігінде Англия құрамасының көшбасшысы болды. Алты гол соғып, командасын топтық кезеңнен алып шыққан футболшы. Ойнау мәнері қазіргі немістің шабуылшысы Марио Гомеске ұқсайды. Жалпы, әлем чемпионаттарында 10 доп соққан. Сондай-ақ Англия құрамасының тарихында ең үздік сұрмергендердің арасында екінші орында. Еншісінде 48 доп бар. Бір қызығы, футболдағы карьерасында бірде-бір ескерту қағазын алып, немесе алаңнан қуылмаған. Қазіргі кезде ВВС арнасында футбол комментаторы және бір бағдарламаны жүргізеді.

Әлем чемпионатындағы қызықты статистикалар!

Әлем чемпионатында қатысқан жалғыз мүгедек футболшы бар. Ол уругвайлық Эктор Кастро. Қолының кистасы болмаған екен. Алғаш рет өз жерінде өткізілген әлем біріншілігіне қатысып, чемпион атанды. Финалда Аргентина қақпасында төртінші голды соққан футболшы;
Әлем чемпионатын өткізен елдердің ішінде қонақжай емес екі құрама Уругвай мен (1930) Франция (1998). Уругвай алғашқы әлем біріншілігінде төрт ойында да жеңіске жетті. Ал Франция алты ойында ұтып, бір кездесуде тең түсіп чемпион атанды; 
Әлем чемпионатының барлық жүлдесі яғни комплект (алтын, күміс, қола) алты футболшыда бар. Бесеуі Германиядан. Олар: Майер:Беккенбауэр, Грабовски, Хеттгеса, Оверата. Біреуі Италиядан. Ол– Франко Барези;
Бапкер ретінде әлем чемпионатында ең көп ойын өткізген жаттықтырушы Хелмут Шен (ФРГ, Германия). 1966-1978 жылдары оның командасы 25 ойынға қатысқан;
Тренер ретінде командасы көп ойында жеңіске жеткен тағы да сол Хелмут Шен. Оның кезінде ФРГ 16 кездесуде ұтқан; 
Витторио Поццо бапкер ретінде екі дүркін әлем чемпион атанған жалғыз жаттырушы. Ол Италияға1934-1938 жылдары әлемнің алтынын алып берді; (Бұл рекордты қайталауға биыл Сколаридың мүмкіндігі бар)
Әлем чемпионатының финалдық кезеңіне бес құраманы бастап барған жалғыз бапкер –Бора Милутинович. Сербиялық жаттықтырушы Мексика, Коста-Рика, АҚШ,Нигерия, Қытай құрамаларымен бірге қатысқан.

Әлем чемпионатындағы ең нәтижелі құрама – Венгрия-1954. Пушкаш, Кочиш бастаған жігіттер 5 ойында 27 доп соққан ( әр ойында орташа 5,4); 
Жалпы бұл Швейцариядағы чемпионат өте нәтижелі аяқталған. Барлық 26 ойында 140 гол соғылған. (1 ойында 5,38 голдан):
Ең көп гол соғылған ойын – Австрия-Швейцария – 7:5;
Бір құраманы ойсырата ұту жағынан – Венгрия 9:0 Корея (1954), Югославия 9:0 Заир (1974), Венгрия 10:1(1982);
Ал арифметикалық ортасын есептегенде гол сараң болған чемпионат – ӘЧ-1990. Барлығы 52 матчта 115 гол (1 ойында 2,23 голдан);
Ең көп соғылған чемпионат – ӘЧ- 1998 (171 гол); 
Әлем чемпионы атанған қақпашылардың ең аз гол жібергендер: Фабьен Бартез – 1998 ( 2), Джанлуиджи Буффон – 2006 (2), Икер Касильяс– 2010 (2);
Паскаль Цубербюлер (Швейцария) – 2006 жылы бірде-бір гол жіберген жоқ. 1/8 финалға дейін жетті;

Әлем чемпионатында соғылдан ең жылдам бес гол:
1. Хакан Шукюр (2002): 11 секунд 
26 июня 2002 года (Тэгу)
Оңтүстік Корея – Түркия – 2:3 
2. Вацлав Машек (1962): 16 секунд 
7 маусым 1962 жыл (Винья-дель-Мар )
Мексика – Чехословакия – 3:1
3. Эрнст Ленер (1934): 25 секунд 
7 маусым 1934жыл (Неаполь 
Германия – Австрия – 3:1 
4. Брайан Робсон (1982): 27 секунд 
16 маусым 1982 жыл (Бильбао) 
Англия – Франция – 3:1 
5. Эмиль Венант (1938): 35 секунд 
5 маусым 1938 жыл (Париж) 

Франция – Бельгия – 3:1 
Мынау әлем чемпионатына қатысы жоқ. Бірақ қорғаушылардың арасында сұрмергендерді де біле жүрген дұрыс шығар.
1. Рональд Куман (Голландия, 1980-1997), 533 матч, 193 гол
2. Даниэль Альберто Пассарелла (Аргентина, 1974-1989), 451 / 134
3. Фернандо Йерро (Испания, 1987-2005), 541 / 110
4. Эгардо Бауза (Аргентина, 1977-1992), 499 / 108
5. Пауль Брайтнер (Германия, 1970-1983), 369 / 103
6. Лоран Блан (Франция, 1987-2003), 500 / 95
7. Хосе Рафаэль Альбрехт (Аргентина, 1960-1977), 506 / 95
8. Гари Ллойд (Уэльс, 1992-2009), 515 / 90
9. Франк Созе (Франция, 1983-2002), 483 / 89
10. Хуан Доминго Антонио Роккия (Аргентина, 1970-1983), 396 / 86

 Әзірлеген – Бек Төлеуов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға