Әлем чемпионатына арналған 12 стадион
Бразилияда өтетін футболдан әлем чемпионатында барлық ойын 12 стадионда өтеді. Олардың көпшілігі күрделі жөндеуден өтіп, бүгінде барлығы дайын. Әлем чемпионатының басталуына небәрі 2 ай ғана уақыт қалды.
МАРАКАНА. Сыйымдылығы – 83 мың. Рио-де-Жанейро. "Фламенго", "Флуминенсе" клубтары мен Бразилия ұлттық құрамасы алаң қожайыны ретінде қарсыластарын осында қабылдайды.
КОРИНТИАНС. Сыйымдылығы – 68 мың. Сан-Паулуда. "Коринтианс" клубының алаң қожайыны.
МИНЕЙРАН. Сыйымдылығы – 64 мың. Белу-Оризонти қаласы. "Крузейро" және "Атлетико Минейро" клубтары ойындарын осында өткізеді.
ДАС ДУНАС. Сыйымдылығы – 45 мың. Натал қаласында.
БЕЙРА-РИО. Сыйымдылығы – 56 мың. Порту-Алегри қаласы. "Интернасьонал" клубының стадионы.
ПАНТАНАЛ. Сыйымдылығы – 42 968. Куяба қаласы.
ФОНТЕ-НОВА. Сыйымдылығы – 66 080. Салвадор қаласы.
КАСТЕЛАН. Сыйымдылығы – 60 326. Форталеза.
ҰЛТТЫҚ СТАДИОН. Сыйымдылығы – 42 000. Бразилиа қаласында.
БАЙШАДА. Сыйымдылығы – 35 мың. Куритиба қаласында.
АМАЗОНИЯ. Сыйымдылығы – 42 374. Манаус қаласында.
ПЕРНАМБУКУ. Сыйымдылығы – 46 160. Пернамбуку штатында.
Топтық кезеңдегі ойындардың күнтізбесі мына жерде...