Жаңалықтар

Әлем бойынша ең қауіпті жыландар тізімі

Назарларыңызға планетамыздағы ең улы жыландар туралы толық ақпаратты ұсынамыз
25.02.2016 06:43 58381

Әлем бойынша ең қауіпті жыландар тізімі

Тайпан жыланы (Oxyuranus scutellatus)

Мекендейтін жері: Аустралияның солтүстік-шығысы

Ұзындығы: 3,5 метр

Жылан уының күштілігі сонша, бір рет шаққанда 100 ересек адамды немесе 250 мың тышқанды ажал құштырады. Бір шаққанда бөлетін уының мөлшері 100 мг.

Тайпан жыланын зерттеу тарихы драмалық оқиғаларға толы. Көп уақыт бойы ғалымдар бұл жыланды ұстай алмады. Ал зерттеулерінің барлығын куәгер адамдардың әңгімелеріне сүйене отырып жүргізген болатын.

Тұңғыш рет тайпан жыланы туралы ақпарат 1867 жылы жарық көрді. Кейінгі 56 жылдың ішінде ешқандай қосымша деректер табылмады. Австралияда жыл сайын тайпан уынан 80-нен астам адам көз жұмады. Сондықтан у қайтаратын дәрі ойлап табу қажеттілігі жоғары болды.

1950 жылы Сиднейдің жас әншісі Кевин Баден бұл жыланды іздеуге аттанады. Ол тайпан жыланын тауып, қолына алған кезде жылан әншіні шағып түседі. Баден сол жерде көз жұмады. Бұған қарамастан жылан ғылыми орталыққа жеткізіледі.

Әлем бойынша ең қауіпті жыландар тізімі

Мулга немесе қоңыр патша атты жылан (Pseudechis australis) 

Мекендейтін жері: Австралия

Ұзындығы: 2,5 - 3 метр

Мулга жыланының уы өте қауіпті. Бір шаққанда 150 мг у бөледі. Ол Автралияда кеңінен кездеседі.

Бұл жыланның түрі көбінесе ормандарда, шабындық алқаптарда, жайылымдарда және басқа жануарлар мекен еткен індерде таралған. Олар тропикалық ормандарда мүлдем мекен етпейді.

Мулга өзге бауырмен жорғалаушыларды қорек етеді. Атап айтсақ, жыландар (тіпті улы болса да), кесірткелер, бақалар, құстар және сүтқоректілер. Басқа жыландардың уы мулгаға қауіпті емес.

Әлем бойынша ең қауіпті жыландар тізімі

Крайт жыланы (Bungarus candidus)

Мекендейтін жері: Австралия, Южной Азия, острова Малайского архипелага

Ұзындығы: 1,5-2 метр

Бір дозасы 10 адамды өлтіре алады. Құрғақ жерлерде мекен еткенді ұнатады. Мысалы, індер және кеуіп қалған бұталар арасында. Кей жағдайларда адам тұратын үйлерге, аулаларға кіріп кетеді. Сондықтан жыланның адамға шабуыл жасаған оқиғалары көп кездеседі.

Ең көп таралған түрі бұл пама немесе таспалы крайт. Ол Үндістанда, Қытайдың оңтүстігінде және Бирмде мекен етеді. Оның алып денесі алмакезек ауысатын сары және қара түсті сақиналарға оралған. Оның уы өте күшті. Тіпті өзге уларды жеңіл көтеретін сұр жылан таспалы крайттың бір шаққанынан өліп қалады.

Крайтты күндіз кездестіріп қалсаңыз, оның сізге шабуыл жасауы екіталай. Бұндай кездерде жылан күннен қашатын жер іздеп, әлсіз қозғалыста болады. Тіпті оны мазалап көрсеңіз де, крайт басқа жаққа қарай жорғалап кетеді немесе сақина тәрізді оралып қалады. Ал түнде крайттың мінезі өзгереді. Адам жыланға қауіп төндірмесе де өзі шабуыл жасайды.

Уы өте күшті. Бір шаққандағы у мөлшері 10 адамды өлтіре алады. Руссель есімді ғалым крайт жыланының уы қалай әсер ететіндігін зерттеп көрген болатын. Жылан тістеген ит 10 минут ішінде тістелінген аяғын мазасыз қозғап бастайды, бірақ аяғында әлі нық тұрды. Тағы 5 минуттан кейін ол жерге жатып үре бастады. Ал тістелген уақытының 25 минутінде екі аяғы мүлдем жансызданып қалады. Екі сағаттың ішінде удың салдары күшейіп, иттің дем алуы ауырлайды. Соңында ит қаза болады.

Крайттар өте көп таралғандықтан басқа жыландарға қарағанда адамдарға шабуылы да көбірек кездеседі. Бұл жыландар лашықтарға, тіпті жабық баспаналарға кіріп кетеді. Олар есіктің алдына дөңгелек болып оралып жатып бөлмелерге, шкафтардың ішіне тығылып кетеді.

Әлем бойынша ең қауіпті жыландар тізімі

Жолбарыс жылан (Notechis scutatus)

Мекендейтін жері: Аустралия, Тасмания және оңтүстік жағалаудағы аралдар

Ұзындығы: 1,5 - 2 м

Жер бетінде таралған жыландардың арасында жолбарыс жыланның уы ең күшті. Бұл жыланның уына тап болған ұсақ жануарлар дәл сол мезетте өліп қалады. Бір жыланның ішіндегі у 400 адамды ажал құштыра алады. Жолбарыс жыланының уы жүйке жүйесіне тікелей әсер етеді. У жүйке орталығына жеткен кезде жыланның құрбаны қаза болады.

Жолбарыс жыланмен кездесу өте қауіпті екені айдан анық. Алайда жергілікті тұрғындардың айтуынша жылан өте қорқақ және адамдардан алшақ болуға тырысады екен. Өзге жыландармен салыстырғанда ол баспаналарға кіріп кетпейді және адамдарға тек қорғаныс мақсатында ғана шабуыл жасайды.

Әлем бойынша ең қауіпті жыландар тізімі

Үнділік кобра (Naja naja)

Мекендейтін жері: Үндістан, Қытайдың оңтүстік бөлігі, Бирма, Сиама, Ауғанстан, Түрікменстанның оңтүстігінен Каспий теңізіне дейін.  

Ұзындығы: 1,4-1,81 м

Жыланды мазаламаса, ол өз баспанасының алдында созылып жата береді. Ал адам жақындаған кезде ініне кіріп кетеді. Тек әбден мазасы қашқан кобра адамға шабуыл жасай алады.

Кобраның уы жануарларды бірнеше минутта өлтіре алады. Бірақ өздігінен адамға себепсіз шаппайды. Тіпті шапқанның өзінде тістеуге ұмтылмайды. Көбінесе ол қорқыту үшін секіре салады.  Бірақ та жыланды ызаландырудың қажеті жоқ. Нәтижесі қайғылы болатыны анық.

Әлем бойынша ең қауіпті жыландар тізімі

Құм эфасы (Echis carinatus)

Ұзындығы: 70–80 см

Мекендейтін жері: Орталық Азияның таулы алқаптарында және солтүстік Африка мен Алжир аралығында таралған.

Эфаның уынан адам тірі қалғанның өзінде өмірінің соңына дейін мүгедек болып қалады. Санақ бойынша африкалықтар өзге жыландардан гөрі эфа шабуылдарынан көбірек көз жұмады.

Эфа сексеуіл өсетін төбелі құмдарда, сазды шөлдерде, бұталар арасында және өзен жайылмаларының тік жарларында көп таралған. Өмір сүруіне қолайлы жерлерде эфа сансыз көбейе алады. Мысалы, жыланаулаушылар Мургаб өзені аңғарындағы 1,5 км аумақтан 5 жыл ішінде 2 мыңнан астам эфа аулады.

Эфа өзге жыландардан өзгеше. Қыс мезгілі жылы болған жағдайда басқа жыландар секілді ұйқыға жатпайды, және балаларын жұмыртқаламай бірден тірі жыландарды дүниеге әкеледі. Эфа ең улы жыландардың бірі болса да, өлшемі кеміргіштен үлкен тірі жандарға шабуыл жасамайды. Көбінесе қырықаяқтар, шегірткелер және өрмекшілерді қорек етеді.

Эфа шаққан кезде 7-10 минут ішінде уды саусақпен сығып немесе сорып алу керек. Құтқарушы адамға у ешқандай зиян әсерін тигізбейді.

Әлем бойынша ең қауіпті жыландар тізімі

Аспид жыланы (Micrurus)

Мекендейтін жері: Аустралия, Африканың солтүстігі, Бразилия, Аргентина, Батыс Үнді аралдары

Ұзындығы: 60 см-ден 2,5 м-ге дейін

Бұл жыланның уы өте тез әсер етеді. Аспид шағып алған адам 7 минут ішінде көз жұмады. Кеңалқым жылан - аспид тұқымдастарына жататын бірнеше жылан туыстары. Олар: су кең алқым жыландары, қарғыбаулы кеңалқым жыландары, патша кеңалқым жылан, қалқанды кеңалқымдар, нағыз кеңалқым жыландары. Нағыз кеңалқымдардың 6 түрі бар. Олар Африка мен Азияда таралған. Ен белгілісі Үнді кеңалқым жыланы немесе көзілдірікті жылан. ТМД кеңістігінде Ортаазиялық кеңалқым жыланы таралған. Ол Орта Азияның оңтүстік аймақтарында кездеседі. Қорегі омыртқалылар және жыландар. Ұрғашысы 8-12 жұмыртқа салып, оны күзетеді. Қатерлі жағдайларда жылан денесінің алдыңғы үштен бірін тік көтеріп, бірнеше қабырғаларын сыртқа қайырып, мойнын қабартады. Жыландардың уы өте күшті, нейротоксин. Кеңалқым жыландар ХТҚО мен КСРО Қызыл кітабына енгізілген.

Әлем бойынша ең қауіпті жыландар тізімі

Африкалық бумсланг (Dispholidus typus)

Мекендейтін жері: Оңтүстік және оңтүстік-батыс Африка

Ұзындығы: 50 см-ден 3 метрге дейін

Африкалық бумслангтің уы сұр жылан уынан 2 есе қауіпті. Адам қанына түскен токсиндері қан жасушаларын дереу жояды. 1957 жылы танымал америкалық зоолог, бауырмен жорғалаушылар бойынша маман Карл Патерсон қаза тапты. Ол африкалық бумслангты аулауға экспедицияға шыққанда жылан оны шағып алады. Зоолог көз жұмғанға дейін жағдайы туралы жазба жүргізіп отырды.

Соңғы 5 жыл ішінде африкалық бумсланг уынан 23 адам ажал құшты. Жалпы бұл жыланды кездестіріп жатсаңыз, оқыс қимылдамай оны мазаламауға тырысқаныңыз жөн. Африкалық бумсланг тек адам әрекеттерінен ғана оған шабуылдайды. Зерттеулер көрсеткендей 10 оқиғаның 9 адамдардың кесірінен болды.

Әлем бойынша ең қауіпті жыландар тізімі

Жасыл мамба жыланы (Dendroaspis angusticeps)

Мекендейтін жері: Южная Африка

Ұзындығы: 150 см-ге дейін

Жасыл мамбаның уы өзге кобраларға қарағанда да улы. Және өзге жыландарға қарағанда адамдарға өздігінен шабуылдай береді.

Мамба – өте әдемі жылан. Оның қабыршақтары лағыл түсті және сары-көк реңмен алмасып тұрады. Мамба уының әсерінің жылдамдығы соншалық, тіпті сол мезетте дәрігерлер адамға у қайтарғысын егіп үлгермей жатады. Жасыл мамбалар бұтақтардан адамның желкесіне секіруді әдетке айналдырған.

Әрине, жасыл жапырақты орманның арасынан жасыл түсті мамбаны ажырата білу оңай шаруа емес. Алайда, тек аяқ астындағы жәндіктерге қарап жүрмей, ағаш бұталарына да көз салып жүргеніңіз абзал болады.


Айсауле НҰРЛЫБЕК

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға