Жаңалықтар

Ләйлә Сұлтанқызы күйеуінің мұрасы қалай бөлінгенін айтты

Ләйлә Сұлтанқызы күйеуінің мұрасы қалай бөлінгенін айтты
Фото: instagram.com/sultankyzy 30.09.2024 23:42 7401

«Әйгерім Сейфолланың сырласуы» бағдарламасында Ләйлә Сұлтанқызы күйеуі қайтыс болғаннан кейін ұлдарының тәрбиесі былай тұрсын, тіпті коммуналдық қызметтерді қалай, қайда төлейтінін білмегенін жасырмады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Үлкен ұлым Сағадат бағынбай кеткенде, «бұл ісің әкеңе ұнамаушы еді» деп айтамын. Себебі бала тәрбиесіне келгенде ұлдарыма әсер ететін басқа тәсілім жоқ. Ал өзіме келсем, Қайрекеңнің «қорықпа, бәрі жақсы болады» деген жылы сөзі жетпейді. Сол нәрсені сағынамын. Бұл жауапкершілікті мойныма алмаудың бір көрінісі шығар, - деді тележүргізуші.

Одан қалды Ләйлә Сұлтанқызы күйеуінің мұрасы балалары арасында қалай бөлінгенін де айтты.

Шын мәнінде өсиет хат болған жоқ, заң бойынша алты ай көлемінде күтеді. Яғни басқа балалары бар ма, болса, олар дәлелдеу керек деген сияқты. Мұра алты айдан кейін беріледі. Біздің жағдайда бес адам болды: ұлы мен қызы, екеуміздің екі ұлымыз және заңды әйелі – мен. Яғни қандай мүлік болсын, ол алты адамға бөлінеді. Екі үлкен ұл мен қыз екі кішкентай інісіне еншілерін берді ме деп сұрайды, жоқ, берген жоқ. Мен оларды түсінемін, себебі олар да Қайрекеңнің балалары, қалыптасқан тұлғалар. Бір қызығы, ешқандай дүние-мүлік қалған жоқ, бірақ некеде жиналған кез келген дүние-мүлік балаларға теңдей бөлінеді, - деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға