Жаңалықтар

Лавров: Соғыс географиясы өзгерді

Лавров "арнайы операция" "мәжбүрлі қадам" екенін және "арнайы операция" басталғанда "жеңілдік сезінгенін" айтады.
Лавров: Соғыс географиясы өзгерді
21.07.2022 04:01 2006

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинадағы "арнайы операцияның географиясы өзгерді" деп мәлімдеді, деп хабарлады EL.KZ.

Бұл туралы ресейлік РИА Новост агенттігіне сілтеме жасап Азаттық мәлімдеді.

Оның сөзінше, Батыс Киевке қару-жарақ берген соң Ресей Донецк пен Луганск облыстарынан бөлек Украинаның басқа аймақтарында да "денацификация және демилитаризация" жүргізуге шешім қабылдаған.

Қазір география өзгерді, тек ДХР мен ЛХР ғана емес, бұған Херсон облысы, Запорожье облысы және тағы бірнеше аумақ қосылды. Бұл процесс жалғаса береді - деді Лавров.

Ресей сыртқы істер министрінің айтуынша, "соғыс географиясы Украина аумағынан төнетін әскери қауіпке байланысты өзгеріп жатыр". Ол Батыс Украинаға қару берген сайын соғыс "географиясы" әріқарай жылжитынын алға тартады.

Лавров "арнайы операция" "мәжбүрлі қадам" екенін және "арнайы операция" басталғанда "жеңілдік сезінгенін" айтады.

АҚШ маусымның басында Украинаға ракета ататын HIMARS қаруын берген еді. Осыдан соң Украина Ресейдің бақылауындағы аймақтардағы 20-ға жуық қару қоймасын жойған. Ресей президенті Путин HIMARS "арнайы операцияға" "әсер етпейді" деген еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға