Жаңалықтар

Латыш асханасы

Латыш асханасы
27.10.2014 05:06 8764

       Латыш асханасы

       Латыш асханасы негізінен ауылшаруашылық өнімдерінен тұрады. Латвия Балтық теңізінің жағасында орналасқандықтан, балық өнімдері ұлттық тағамдарына айналған. 

      Латыш ұлттық тағамдарына мыналар жатады: салқын үстел тағамдары, путралар (шошқа майы қосылған дәнді-көкөністік сұйық ботқалар, ысталған ет немесе балықтар, сонымен қатар ашымалы сүт өнімдері), ашымалы сүт өнімдері (путельс, ұйытылған сүт) және үй ірімшіктері (бакштейн).

            Латыш ұлттық асханасындағы негізгі тағамдарды ұн, жарма, бұршақ, атбас бұршақ, картоп, көкөністер, сүт және сүт өнімдері (ұйытылған сүт, айран, сүзбе, қаймақ). Ет өнімдерінің ішінде шошқа, сияр, құс еттерін пайдаланады.  Сондай-ақ, ұлттық тағамдарды дайындауда май шабақ, шабақ балық, салака көп қолданылады.

Күнделікті тұрмыста латыштар, әдетте, котлет, балық пен ет өнімдері, шошқа қабырғалары, көкөніс салаттарын дайындайды. Ал ұлттық мерекелер кезінде латыштар ескі дәстүрлерге оралып, дастархан басына сұр бұршақ, бәліштер, сыралар, қара бидай наны мен ірімшіктер қояды. Латыш асханаларында бұршақтан жасалған тағамдар кеңінен таралған. Солардың бірі шошқаның қыртыс майы қосылған бұршақ.

            Кейбір тағамдарды, мысалы, скабпутра – шошқа еті қосылып дайындалатын қышқыл ботқа қазір латыш асханаларынан кездестіре алмайсыз. Қолданыстан шығып қалған. Осындай ежелгі ұлттық тағамдарының орнын еуропалық асханалар басады. Қазақстанда тұратындар латыштар қазақтардың ұлттық тағамдарын дайындауда қазақтардан кем түспейді.

Үй ірімшіктері — зиреден жасалған ірімшік;

Путралар — шошқа майы қосылған дәнді-көкөністік сұйық ботқалар, ысталған ет немесе балықтар, сонымен қатар ашымалы сүт өнімдері;

Путельсалар — қышқыл сұлы немесе бұршақтан дайындалған кисель;

Бұршақ қосылған сорпа, салқын сорпа, үзбе көже;

Шошқаның қыртыс майы қосылып қайнатылған бұршақ;

Силькюпудиньш — қайнатылған картоп қосылған май шабақтан жасалған запеканка;

Клопс (пиязды клопс) — пияз тұздығы бар бифштекс;

Шаруа таңғы асы — жұмыртқада қуырылып немесе бұқтырылып жасалатын ет өнімдері;

Буберте — жұмыртқаның көпіршітілген ағы қосылған сұлы ботқасы;

Сүзбе қосылған қайнатылған картоп;

Көпіршітілген кілегей немесе сүт қосылған рауғаштан дайындалатын кисель;

Камаро — бұқтырылған тауық еті;

Қаннан жасалған шұжық;

Қаннан жасалған құймақ — суйт асханасы;

Скландраусис — көкөніс салмасы бар ашық бүктемелер.

 

 

 

Сматуллаева Айгерім

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға