Жаңалықтар

«Латын әліпбиі – баршаға ортақ» семинары өтті

«Латын әліпбиі – баршаға ортақ» семинары өтті
18.04.2018 11:06 1923

8 сәуір күні Талдықорған қаласының Тіл сарайында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы, «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының» ұйымдастыруымен «Латын әліпбиі – баршаға ортақ» тақырыбында практикалық семинар өтті.

Шараға облыстық Ассамблея хатшылығы, «Достық Үйі – Қоғамдық келісім орталығының» басшылығы, қызметкерлері, А.Байтұрсынов атындағы лингвистика институтының ғылыми қызметкерлері, облыстық білім, мәдениет, тіл  басқармалары, облыстық ҚХА жанындағы ЭМБ төрағалары, облыстағы аудан, қалалардың мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің, кітапханалардың басшылығы, БАҚ өкілдері.

Семинар Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбайдың төрағалағымен өтті.

Күн тәртібінде, латын әліпбиіне көшу  бойынша облыс әкімінің іс-шаралар жоспарына сәйкес сала мамандарының ғылыми баяндамалары мен дәрістері арқылы іс-шараларды практикалық түрде жүргізуге атсалысу, қолдау болды.

Практикалық семинарда «Нұр Отан» партиясының жанындағы «Мирас» аймақтық кеңесінің  төрағасы, облыстық «Жетісу» басылымы бас редакторының орынбасары Әбдірахым Нүсіпбай, облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың басшысы Айдар Башбаев, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлсара Исағұлова, облыстық татар және башқұрт мәдениеті бірлестігінің төрағасы Гриф Хайруллин сөз сөйледі.

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға