Жаңалықтар

Д. Миннигулова: Таяқтың екі ұшы бар

Латын әліпбиіне көшіруге дайындық басталды
Д. Миннигулова: Таяқтың екі ұшы бар
14.04.2017 11:14 6436

Қазақстанда 2025 жылы қазақ әліпбиін латын әліпбиіне көшіруге дайындық жұмыстары басталды. Реформаның артықшылығы мен кемшіліктері туралы БР СКП жанындағы Третей соты төрағасының орынбасары, қаржы және экологиялық құқық, кәсіпкерлер кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы Динара Миннигулова пікірімен бөлісті.

«Таяқтың екі ұшы бар. Бір жағынан латыншаға көшу қомақты қаржыны қажет ететін болады. Егер латыншаға көшу жеті жылға созылатын болса онда бұл мемлекеттің бір жылдық бюджетін қажет ететін болады.  Екінші жағынан кириллицаға үйренген жандарға латыншаны қабылдау оңайға түспесі анық. Мысалы, қалада тұрмайтын әйелге, апаға бұл айтарлықтай қиын. Ал, мемлекеттік органның әр шығарып жатқан шешімін халықтан қабылдауды талап етеді», - деп есептейді Д. Миннигулова.

Сарапшының пайымынша, мемлекет шешім қабылдау барысында қаржылай салымды және нәтижесінің тиімділігін, артықшылығы мен кемшілігін есептеуі керек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға