Жаңалықтар

Лаңкестер Қожа Ахмет Ясауи кесенесін жарып жібермек болған

Лаңкестер Қожа Ахмет Ясауи кесенесін жарып жібермек болған
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 08.09.2023 13:10 1278

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Руслан Сейсембаев Астанада өтіп жатқан ШЫҰ отырысында оқиғаның қалай болғанын айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қазақстанда террористік қауіп әлі сақталып отыр. Жыл сайын кем дегенде 2 террористік шабуылдың алдын аламыз. Мысалы, биыл дайындықтың ерте кезеңінде Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесін қолдан жасалған жарылғыш құрылғымен жарудың жолы кесілді. Астанада адамдар жаппай жиналған жерлерде қарулы шабуыл жасау әрекеттері тоқтатылды, - деді Руслан Сейсембаев.

Сондай-ақ ол Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттерде лаңкестік шабуылдың күрт өскенін айтты. Террористердің қолынан 400-ден астам бейбіт азамат қаза тауып, 940-қа жуық адам жарақат алды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға