Жаңалықтар

Ұлан сарбаздары дауыс берді

Ұлан сарбаздары дауыс берді
05.06.2022 10:07 1857

Таңертеңнен бері Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты​ барлық жеке құрам ​Конституцияға өзгертулер енгізуге байланысты​ өтетін рефрендумда белсенді дауыс беріп жатыр,- деп хабарлайды El.kz сайты BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.   

Жалпы, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы бойынша жедел шақырылымдағы сарбаздармен қатар офицерлер мен сержанттар және олардың отбасылары дауыс ​ беруге болатын 6 референдум учаскелері жұмыс істеп тұр.

Ұлан сарбаздары дауыс берді

Айта кетерлігі, сарбаздар 18-19 жас аралығында болғандықтан, еліміздегі дауыс беру саяси науқанына тұңғыш рет қатысып отыр.

Дәл осы күні​ Семейдегі 5511әскери бөлімі ​ және Павлодардағы 5512 әскери бөлімдеріне келетін жас шақырылымдағы сарбаздарға да әскери бөлім аумағындағы орналасқан референдум учаскелерінде дауыс беретін болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға