Жаңалықтар

Л.Н.Гумилев және түрік халқы: зерттелуі және тарихи маңызы (жалғасы)

Ғалымның еңбек жолы
14.11.2016 06:20 16224

Л.Н.Гумилев және түрік халқы: зерттелуі және тарихи маңызы (жалғасы)

 

Түрік мемлекеттерінің  әлеуметтік - саяси тарихы

Түріктер замандағы ирандықтармен соғысқан түркілердің ұлы қолбасшысы Алып Ер Тоңға туралы б.д.д. VII ғасырда шыққан сол аттас дастанда: Алып Ер Тоңға келеді, Жүз мың әскер ереді, Жүз мың жебе кереді, Жер қайысқан қол еді. Тәңір сүйіп жаратқан, Әлемді өзіне қаратқан, Қаһарын жауға таратқан, Көк Тәңірінің ұлы еді, – деп Алып Ер Тоңғаның түркі екенін атап көрсетеді103, 188. Әбілқасым Фирдоусидің “Шахнаме“ дастанының негізгі кейіпкері Афрасиаб түрік батыры Алып Ер Тоңға екені белгілі. Фирдоуси өз шығармасында Алып Ер Тоңғаның түрік дастанындағы барлық келбетін көп өзгертпей, сол күйінде сомдап берген. “Шахнаме” дастанының мазмұны мен сюжетіне және стиліне тереңірек үңілсек, онда ұлы шайыр Ә.Фирдоуси түркінің батырлық эпостарын “терісін кері айналдырып” өңдегені көрініп тұрады. Ол әдебиетте кеңінен қолданылатын әдіс және ол дастанның батырлық желісін күшейтіп, көркемдік мәнін тереңдете түседі. Көлемі Гомердің “Одиссеиінен” бірнеше есе үлкен ұлы дастан – “Шахнаменің” шоқтығының биіктігі - онда көне түркінің ерлік дастандарын жақсы өңдеп келістіре жырлай білуінде болса керек. Түріктердің соғыс өнерін сиқырлыққа теңеген Фирдоуси, “Сиқыршылар парсыларға садақ оғын жаудыратын жел мен қара дауылды шақырды” дейді. Жүсіп Баласағұн атақты Алып Ер Тоңғаның есімін кезінде тәжіктер (парсылар) өзгертіп, оны Афрасиаб деп атап кеткенін оқырманға ескертеді: Тәжіктер оны Афрасиаб атаған, Елдерге ол көп ізгілік жасаған.

Қажет білсең білім, ақыл, даналық, Қолға алуға дүниені қаратып.

Тәжіктер де хатқа мұны түсірген, Кітапта жоқ болса кімдер түсінген. “Алып Ер Тоңға“ дастанының негізгі идеясы - Тұран елін сыртқы жаудан қорғау, түрік жұртын ішкі ынтымақ-бірлікке үндеу, туған жердің абырой-даңқын арттыра түсу. Соғыс өнерінде қару жарақ маңызды орын алады. Түріктер темірден қару жасау өнерін жетік меңгерген. Радловтың пікірінше түріктер тауда қару мен кен өндірісін жетік меңгерген: алайда ғалымның пікірінше көшпелі өмір мен темір өндірісін қатар дамыту мүмкін емес болған. Өзінің идеялық мазмұны мен көркемдік дәрежесі жағынан біздің дәуірімізге дейінгі көне түркі дастандарының ішінде “Алып Ер Тоңғадан“ кейінгі аса маңызды туынды “Шу батыр“ дастаны. Махмұд Қашқари “Диуани лұғат ат-түрікте“ Шу батыр біздің заманымыздан бұрынғы V-IV ғасырларда өмір сүрген сақ билеушілерінің бірі екенін айтады85. Дастанда ерте замандағы Шу өзені өңіріндегі мемлекеттің тарихы мен жер аттары туралы көптеген мағлұматтармен қатар Ескендір Зұлқарнайынның (Александр Македонский) түркі еліне жасаған әскери жорығы кезінде оның қырық әскері Шу батырдың таңдаулы қырық нөкерінен жеңілгеннен кейін бейбіт келісім жасағаны туралы баяндалады. “Авестада” арийлер өздерінің батырлары мен әскерлерін қанша мақтағанымен олар тұрандықтарды жеңді дегенді кездестірмейміз. Керісінше ирандықтар аттары жүйрік тұрандықтардан жеңілгені туралы бірнеше рет жазады. Осы қасиетті кітаптан тұрандықтар мен хиондықтардың ержүрек, жаугер тайпалар болғанын көреміз. Алып Ер Тоңға бастаған көне түркілердің ирандықтармен соғыстары негізінен Арал теңізі мен Сырдарияның бойында, яғни Орта Азия аймағында болғаны белгілі. Біз одан көне түркі тайпаларының бір бөлігінің б.д.д. VIII-VII ғасырларда және сол уақытқа дейін осы аймақта тұрғанын көреміз. Тұрандықтар мен ирандықтардың қайта-қайта соғысуына Ұлы даладағы адам мен мал санының өсіп, жайылымның тарылуы негізгі себеп болды. 568-569 жылы Түріктерден жеңілген ирандықтар (арий тайпалары) Иранға, Үндістанға және Еуропаға көшуге мәжбүрленді.(Қосымша Б) Түрік қолбасшылары қатар сап түзген атты әскерлерімен және жаяу әскердегі найзагерлерімен қарсыластарын тас – талқан етіп жеңеді. Барлық түркі халықтары мен угро-финдерді, жапон мен корей, манчжурлар мен т.б. палеоазиат халықтарын тұрандықтардың бүгінгі ұрпақтары деуге болады.

Бумын – «қаған» лауазымын жасы ұлғайып, шау тартқан шағында иеленген адам. Содан болар, негізгі жауын жеңіп, еліне тәуелсіздік әпергеннен кейін, ол сол кездің дәстүрімен өзінен бұрынғы ел билеушілері секілді төңірегіндегі елдерді бағындыруға бағытталған жауынгерлік жорықтарға ұмтылмай, бар күш – жігерін қол жеткен жетістігін баянды ете отырып, жаңадан шаңырақ көтерген жас мемлекетінің іргесін бекітіп, еңсесін тіктеуге бағыттады. Мемлекетті басқарудың заң – тәртібін бекітті.

 Бұл заң бойынша, қағанаттың ең жоғарғы органы, жылына бір рет өтетін шонжарлар кеңесі болды. Оны қаған басқарды. Қаған – қағанаттың дара билеушісі құқығын иеленді.

Қағаннан кейінгі жоғары лауазым иесі - иабғу. Оны қытай жазбаларында «иеху», «шеху» деп атайды. Бұл билік дәрежесінің пәрменділігі жөнінен көне сиуңнулардың «тужи»(«чжуки») деп аталатын лауазымын иеленді. Кейін иабғулардан ұлығ хандар, кішіг хандар шыққан.

Одан кейінгі билік иесі – тегін. Бұл лауазымды тек ханзадалар ғана иеленеді. Қытай жазбаларында оны «тылы», «тычин» деп те атайды. Бұл сиуңнулардың «лули», («гули») деп аталатын лауазымы тәрізді.

Үшінші билік иесі – сіліг бек. Қытайша жазылуында – сылифа. Бұл лауазым сиуңнулардың «ұлығ бегімен» мәнзелдес.

Төртінші билік иесі – түмен бек. Қытайшасы – тумаофа. Бұл сиуңнудың – ұлы қолбасшысымен терезелес.

Бұл төрт лауазым иесін түріктер «қағанның төрт тіреніші, төрт мүйізі» деп атаған. Бұларға бұдан кейінгі төменгі шенділерді қосқанда, барлығы – 28 лауазым иесі болған. Бұлардың бәрі де өздеріне тиісті лауазымға мұрагерлік жолмен ие болып отырған. Халықтардың ұлы қоныс аудару дәуірі (ІІ-Ү ғғ.) Қазақстанның, Орта Азия мен Шығыс Еуропаның этникалық және саяси картасын едәуір дәрежеде өзгертті. Ү ғасырда түркі тілдес теле (тирек) тайпалар одағының саны көп топтары Солтүстік Моңғолиядан Шығыс Еуропаға дейінгі далалық өңірге қоныстанды, оңтүстігінде олардың көшіп жүретін жерлері Әмударияның жоғарғы ағысына дейін жетті.

ҮІ ғасырда Қазақстан жерлері құдіретті держава – билеушілері түрік тайпасының әулеттік ашин руынан шыққан Түрік қағанатының билігіне түсті. Түрік этносының өзі қағанаттың құрылар алдындағы кезеңде Ганьсу, Шығыс Түркістан және Алтай аудандарында ІІІ ғасырдан ҮІ ғасырға дейін кезең-кезеңмен қалыптасты.

«Түрік» этнонимінің алғаш рет аталуы қытай жылнамаларында кездеседі және ол 542 жылға жатады. Қытайлар түріктерді сюннулердің (ғұндардың) ұрпақтары деп санаған. Шежірелерде бұл кезде қытайдың Вэй князьдігінің солтүстік өңірлеріне солтүстік-батыс жақтың бірінен келген түріктер жыл сайын шапқыншылық жасап, ойрандап кететін болды деп хабарланады. Олар туралы келесі мәліметтер бүкіл құрлықтағы тарихтың талай ғасырлар бойғы дамуына өзек болған оқиғаларға байланысты.

546 жылы түрік тайпалары қазіргі Моңғолияның оңтүстігі мен орталық бөліктерін мекендеген және бұл жерлерге үстемдік еткен жужаньдарға қарсы жорық жасайды. Батыс жақтан қаптай енген тиректер әскерінің саны жағынан қаншалықты көп болғаны белгісіз, бірақ олардың нөпірі сұсты болған деп топшаланады.

Енді Лев Гумилев бойынша «Ұлы Түрік елі» дегеніміз не деген сұраққа жауап берелік. ҮІ ғасырда ашына тайпасы ұлы державаны қалыптастыруда маңызды рөл атқарды. Бұл қалыптасу 545 жылдан 581 жылы аяқталды. 545 жылы ашынаның ұлы Бумын қаған Жетісуда хун хандығын жойған төлеуіттерді бағындырды. Осы жылы оның ордасына Қытай елшілігі келеді. Бұл сол кездегі алпауыт державаның мойындауы болды, яғни мұнымен біз Ашына державасының халықаралық дәрежесін көтерілгенін байқаймыз. 552 жылы Бумын Жужандарды жеңіп, 555 жылы түріктер Арал көлінің маңына дейін жетті. Бумынь өлгеннен кейін таққа оның інісі Қара-Еске отырады, оның бастауымен түріктер Орхонның жоғары жағында бір жердегі Букрат (Мула) тауларында жужаньдарды екінші рет жеңеді. Түріктер 552-554 жылдардың арасында шығыста қайлар (татарлар), қидандар және оғыз-татарлар тайпаларын, солтүстікте - Енисей қырғыздарын өздеріне қаратып алады.

Сөйтіп, түріктер бір жарым жыл ішінде Орталық Қазақстанды, Жетісуды және Хорезмді бағындырды. 558 жылы «өзіне бағынбағандардың соңынан қуып» Еділге дейін жетті. Бұл жылдары түріктердің батыста жасаған соғыс жорықтары бұлардан да күшті бола түседі. Бұларды Бумынның басқа бір інісі Иштеми бастайды, кейін оны батыс түріктерінің түпкі атасы және Батыс Түрік қағанатының негізін салушы деп атайды.

565 жылы Эвталиттерді жеңіп, дала мен Соғдыларды біріктірді. Өздеріне Қырымда тірек мекенді қамсыздандырады, ал қолбасшының ордасын Таман түбегінде орнатып, 576 жылы Киммерийск Бұғазына (Керчен түбегі) шықты.

Олар 579 жылы Қытайға басып кірді. Қытай мен Византия арасында сауда керуені Ұлы Жібек Жолын өз бақылауларында ұстады. Лев Гумилев өзінің кандидаттық диссертациясында 580 жылды Түрік қағанатының шарықтау кезеңі болатын деп көрсетеді. Белгілі Петербург Шығыстанушы Сергей Кляшторный «Түрік қағандары бірінші Еуразиялық империяның құрушылары болды. Олардан кейін бұны ХІІІ ғасырда Моңғолдар, сосын ХҮІІІ-ХІХ ғасырда Ресей империясы қайталады,»-деп жазды.

Қағанат ұлан-ғайыр отарлы империяға айналды. Бір орталықтан империяның әртүрлі халықтарын өз қарамағында ұстауды қалай жүзеге асырды деген сұраққа Лев Гумилев бұл қатаң әлеуметтік жүйе болғанда ғана жүзеге асыруға болады деп жауап береді. Ал Түріктер оны жасап «ел» деп атады. Бұл жерде Лев Гумилев этногенездің даулы мәселелерімен емес, әлеуметтік-саяси жүйесінен бастайды. Орталығында «Орда» ханның әскерімен, әйелдерімен, балалары мен қызметшілері тұратын бөлігі. «Қара Бұдұн» - түрік бектері мен халқынан құралды. Зерттеушіні материалды мәдениетінен гөрі қиын әлеуметтік институттары таңқалдырады: ел, еншілік-таспихтық жүйе, шендер иерархиясы, әскери тәртіп, елшілік үрдісі, сол сияқты көрші елдерінің идеологиялық жүйелеріне қарама-қарсы қоятын мұқият әзірленген дүниетаным. Ашына ордасының Хун тайпалары мен бірігуі этножүйені қиындатты және оны қарсылыққа төтеп беретіндей, кейін жаулап алуға дайын етті. Этностың үйреншікті Ландшафтқа келуі көшпелі шаруашылықтың жандануына және өзіндік мәдениетінің дамуына алып келді. ҮІ ғасырдың соңына қарай ежелгі түрік әдебиеті дүниеге келіп, жалпы түріктік әдеби тіл қалыптасты. ҮІ ғ.аяғында мәдени төңкерістің нәтижесінде ежелгі түрік өркениетінің қалыптасуы басталды. Лев Гумилевтің көзқарасы бойынша әлеуметтік қалпының өзгерісіне қарамастан (тайпалық одақтың орнына орда пайда болды) түріктер хундардың жалғасы екенін айта кеткен жөн. Қағанат өркендеген кезінде бөлшектенген Қытайдан күшті болды.

Ежелгі түріктер қысқа уақыт ішінде әлемдік мәні бар мемлекет құрып, батыс пен шығыс арасын қосты. Түрік мемлекетінің пайда болуы «белгілі бір дәрежеде адамзат тарихының бет бұрыс кезеңі болады, өйткені сол уақытқа дейін Жерорта теңізі мәдениеті мен қиыр шығыс мәдениеттері бір-бірінің өмір кешіп жатқанын білсе де аралары қосылмаған еді»,- деп жазады автор. Түріктердің далалық империясы кемеліне келіп, толысып тұрған 580 жылы қағанат қарауындағы жерлер батысында Кавказ теріскей арқылы Византиямен, түскейінде Иран, Үндістанмен шектесіп жататындағы, шығысында Қытай шегіне тереңдей еніп кеткен еді.

Ұлы түрік қағандары ерлік эпосын осылай тасқа бәдіздеп қалдырып отырған. Жарау атты, ұзын найзалы түрік сарбазы жортуылда шөл дала, құба түзде басып, асқаралы таудан асып емін-еркін жүре берген. Шығыс пен Батыс арасындағы, Ұлы Жібек жолы деп аталатын керуен жолы негізінен түріктер қол астына қарайды. Сөйтіп Түрік Қағанаты әлемдік саясаттың аса маңызды тұрақты факторына айналады. Бірақ осыншама ұлан-байтақ жер енді ғана қалыптаса бастаған мемлекеттіктің шеңберінде ұзақ уақыт қала алмайтын еді. Олар іштен және сырттан болатын қысымға қарсы тұра аларлық өзара байланысты біртұтас экономикалық және этникалық саяси организм бола алмады. YI және YII ғасырлар тоғысар кезеңде әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуі, олардың талай жылдарға созылған мал індеттерімен, жұттарымен және ашаршылықпен ушыға түсуі, Суй Қытайының қағанат шекараларына шабуыл жасауы, ақырында оның аудандарының автономиялану үрдісінің табиғи түрде басталуы жалпы Түрік қағанатының Батыс және Шығыс қағанаттары болып, екіге бөлінді. 625 жылы «екі орасан зор коалиция құрылады. Бірінші жағында- Қытай, Батыс түрік қағанаты, Иран мен аварлар мемлекеті» болады. Шығыс қағанат - бұл Моңғолия, мұнда жыл он екі ай көшпелі өмір сүретін муссондар. Ал, Батыс қағанат Тарбағатай мен Тянь-Шань тауының етегінде орналасты. Батыс қағанатта Ел орнына рулар көсемдері пайда болды. Он көсем он садақтың оғын белгі ретінде алды, сондықтан бұл этносты «он оқ бұдын» деп атады. Батыс түріктері мемлекетінің бірінші басшысы – қаған, жоғары билеуші, билеп-төстеуші, әскербасы болды. Ол нақты алғанда шығыс түрік қағанатына тәуелді болды, бұл оның таққа отыруына өз келісімін беретін немесе бермей де қоя алатын еді. Бірақ іс жүзінде шығыс түріктері де өздерінің інілеріне талай рет бағынышты болды. Қағанаттың астанасы және қағанның қысқы ордасы Шу аңғарындағы Суяб қаласы болды.

ҮІІ ғасырдың бас кезінде Батыс Түрік қағаны Ябғудың ордасында болған будда монахы Сюань Цзанның жазғандары қаған руының байлығы туралы біраз ұғым береді. Мемлекетте қағаннан кейінгі екінші адам ұлық болған. Қағанаттағыжоғарғы лауазымдар - ябғу, шад және елтебер-қаған руының өкілдеріне тиесілі еді, оларды қаған вассал тайпаларды билейтін лауазымдарға қойған. Сот қызметтерін бұрықтар мен тархандар атқарды. Бектер - тайпа бастықтары мен өкілдері – жергілікті жерлердегі ақсүйектер сословиесінің басты тірегі болған.

Батыс Түрік қағанатында әлеуметтік-экономикалық және саяси қатынастардың ала-құла, үстемдік ету мен бағыну түрлерінің алуан түрлі болуына қарамастан, Батыс Түрік қағанатында таптардың құрылу және ертедегі феодалдық қоғамдық қатынастардың біршама тез қалыптасу үрдісінің жүргені анық.

Лев Гумилев ҮІІ ғ. басында көтеріліс фазасында тұрған жас Суй империясы инерциялық фазага түскен қаганаттан әлдеқайда, кұшті, қуатты және бақуатты болды деп көрсетеді. 661 жылы Батыс қағанаты құласа, 741 жылы Шығыс қағанат құлады. Батыс қағанаттың орнына Ұйғыр қағанатының шығысында қытайлық провинция «Батыс аймағы» пайда болды. Олардың арасындағы соғысты автор дүниежүзілік соғыс деп атайды. Осы алапат соғыстың кесірінен екі қағанаттың екеуі де талқандалды. Сонда Батыс қаға

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға