Жаңалықтар

КВИ-ге шалдыққан балалардың саны азайды

Қазір 308 бала стационарда ем алып жатыр
КВИ-ге шалдыққан балалардың саны азайды
Фото: deti-euromed.ru 12.08.2022 15:31 2087

Аурудың алғашқы толқынында балалардың жас құрылымында 5-тен 12 жасқа дейінгі балалар басым болды және пациенттердің жалпы санының 30 пайызын құраған. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз брифингінде айтылды, деп хабарлайды El.kz

Қазір  аурудың түрлі жастағы балаларға да біркелкі таралуы байқалады. Бұл вирустың отбасы ішінде таралып жатқанын білдіреді.

Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас инфекционисі Динагүл Баешеваның айтуынша, 2022 жылдың 11 тамызындағы жағдай бойынша 308 бала стационарлық ем алып жатыр. 308 баланың ішінде 73 балада жеңіл дәрежеде, 232 бала ауырлықтың орташа дәрежесінде, 3 балада инфекция ауыр дәрежеде өтуде. 

1-ші шілдеден бері COVID-19 диагнозын алғаш рет жұқтырған 7 205 бала стационарлық ем алған. Оның ішінде 6 891 бала жазылып шыққан.

Брифинг қорытындысында сарапшылар халықты КВИ-ден қорғау үшін негізгі сақтық шараларын сақтауға, вакцина алуға кеңес берді. 

Сондай-ақ жаңа оқу жылында эпидемиологиялық жағдайдың жеңіл түрде өтуіне байланысты мектептерде бұрынғыдай шектеу қойылмайтындығы айтылды.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға