Жаңалықтар

Күзгі каникулда мектеп оқушылары қанша күн демалады

Күзгі каникулда мектеп оқушылары қанша күн демалады
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 14.10.2024 18:30 154

Қазақстандық оқушылар күзгі каникулда 7 күн демалады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық мектептерде бірінші тоқсан аяқталуға жақын. Күзгі демалыс кезеңі 2024 жылдың 28 қазаны мен 3 қарашасын қоса алғанда жеті күнге созылады.

Министрлік мектеп оқушыларының күзгі демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспарын ұсынды. Жоспар патриотизм, әділеттілік және жауапкершілік сияқты құндылықтарды дамытуға бағытталған іс-шараларды қамтиды:

  • «Балалар кітапханасы» жобасын іске асыру шеңберінде «Демалыста кітап оқимыз» мектепішілік іс-шарасы;
  • «Буллингтен қорған!» қауіпсіздік сабағы;
  • Мектеп оқушылары үшін «Күзгі асар» жәрмеңкесі;
  • «Мектеп театрының» жұмысын ұйымдастыру ұсынылады.

Ең бастысы, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы мақсатта ата-аналармен бірге жол-көлік жарақаттарының алдын алу іс-шараларына, мектептің ішкі тәртібін сақтау, балалардың көшеде қауіпсіздігі, үйдегі өрт қауіпсіздігі және киберқауіпсіздік шараларына ерекше назар аудару қажет.

Айта кетейк, бұл іс-шаралар білім беру ұйымдарына әдістемелік ұсыным ретінде жолданады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға