Жаңалықтар

“Күйеулері үйден қуып шыққан”: Отбасылық жанжалдан зардап шеккен әйелдерге көмек көрсетілді

“Күйеулері үйден қуып шыққан”: Отбасылық жанжалдан зардап шеккен әйелдерге көмек көрсетілді
Фото: © Polisia.kz 09.11.2023 15:35 1442

Шымкентте отбасылық жанжалдан зардап шеккен екі әйелге көмек көрсетілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шымкент полициясының “102”арнасына жергілікті тұрғындардан ұқсас мазмұнды шағым түскен. Әйелдердің бірі жолдасы екі баласымен үйден қуып шыққанын айтса, екіншісі 4 баласымен далада қалғанын айтып көмек сұраған. Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторлары Жаңыл Спанова мен Әсел Төребай зардап шеккен екі келіншекке дер кезінде көмек көрсетті.

Тәртіп сақшылары балалар мен олардың анасын №3 арнаулы әлеуметтік көмек көрсету орталығына орналастырып, оларға құқықтық және психологиялық кеңес берді.

Белгілі болғандай, олардың екеуін де күйеулері отбасылық жанжал кезінде балағаттап, үйінен қуып шыққан. Ал үй тирандарына қатысты учаскелік полиция инспекторлары ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Жинақталған іс-құжаттар шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Сондай-ақ әйелдердің қауіпсіздігі үшін жолдастарына қатысты 30 тәулікке қорғау нұсқамасы шығарылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға