Жаңалықтар

Күйеуін жүк көлігінің астына итеріп өлтірген әйелге жаза тағайындалды

Күйеуін жүк көлігінің астына итеріп өлтірген әйелге жаза тағайындалды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 21.02.2024 09:49 1222

Былтыр қазан айында жүріп бара жатқан жүк көлігінің астына күйеуін итеріп мерт еткен әйелге сот үкім кесті, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Сотталушы К. Алматы облысы Қарасай ауданы Алматы-Бішкек автожолының шетінде масаң күйде бола тұра, өзінің азаматтық некедегі күйеуі М. арасында туындаған жанжалдың салдарынан оны жүріп бара жатқан жүк автокөлігінің дөңгелектерінің астына итеріп жіберген. Жәбірленуші М. алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза болды.

Қылмыстық кодекстің  53, 54-баптарының талаптарына сәйкес сотталушы К. қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайлар анықталмаған, ал ауырлататын мән-жай алкогольден масаң күйде қылмыс жасаған, - деді Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.

Өз күйеуін өлтіргені үшін әйел енді 10 жылын темір торда өткізеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға