Кувейт Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске мүше болды
Бұл туралы Халықаралық ұйымның VI саммитінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
13.10.2022 10:37
1317
Кувейт Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске мүше болып кірді. ҚР Президенті Қасым-Жомарт осылай деп мәлім етті, деп хабарлайды El.kz
«Кеңеске 1999 жылы 15 мемлекет мүше болса, қазір олардың саны 27-ге жетті. Бұл, шын мәнінде, форумның Азия елдері және жалпы әлем қауымдастығы алдындағы беделі арта түскенін көрсетеді.
Біз Кувейттің Кеңеске мүше болып, қатарымызға қосылғанына өте қуаныштымыз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сондай-ақ, ол кеңесті шақыру туралы алғаш бастама көтерілгеніне 30 жыл толғанын еске салды.
Бөлісу:
