Жаңалықтар

"Курс сатып, ақшаға кенелгісі келген". Танымал волейболшы Сабина Алтынбекованың басы дауға қалды

"Курс сатып, ақшаға кенелгісі келген". Танымал волейболшы Сабина Алтынбекованың басы дауға қалды
Фото: Әлеуметтік желі 11.10.2023 13:40 1273

Спортшының курсын сатып алып, бірақ көңілі толмағандар ақшасын қайтаруды талап етіп жатыр. Тіпті бір адам полицияға арыз түсірген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап. 

Танымал спортшы биыл мамырда қыздарға арналған қауымдастық құратынын жариялаған. Маусымда тәлімгер курсын ашып, сатылымға шығарады. Кейбір мәліметтерге сәйкес, оның бағасы 290 мың теңге болған. Шамасы жетпегендер тіпті несиеге сатып алған. Негізі мұндай курстың мақсаты - жетістікке жеткен тұлғалар тәлімгерлерге өз тәжірибесін бөліседі.

Алайда бір айға жетпей, Алтынбекованың курсына кейбір қыздардың көңілі толмай шықты. "Ақшасы мен берген білімі мүлдем сай емес" деп шулап, ақырында қаражатты қайтаруын талап етеді. Ақпарат құралдарында спортшының менеджері "тиісті қызмет көрсеттік, курс ақысы қайтарылмайды" деп айтқан.

Алматы ПД өкілдері бұл дерек бойынша Р. есімді азаматтың арызы Түрксіб ауданы полиция басқармасына 6 қазанда келіп түскенін хабарлайды. ҚР ҚІЖК 179-бабының талаптарын негізге ала отырып, тараптар арасында шарттық қатынас болуын ескере отырып, Р. есімді азаматқа азаматтық-құқықтық тәртіпте сотқа жүгіну ұсынылды, - деді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Еске салайық, бұған дейін Telegram-арналардың бірінде волейболшының курсына қатысты ақпарат тараған еді.

Арна мәліметінше, курс құны - 290 мың теңге. Курсқа жазылғандардың бірі ойынан айнып, қаражатты қайтаруын сұрағанда Алтынбекованың менеджері ақшаның қайтарылмайтынын алға тартқан. 

Кейін бұл мәселеге қатысты волейболшының менеджері жауап берді. 

Иә, шынында да, біз басқа продюсерлермен бірге биыл маусым онлайн курс аштық. Көбі курсты бөліп төлеу арқылы сатып алды. Орындаушы қызмет көрсетті, яғни сабақтарға толық қолжетімділікті қамтамасыз етті, кураторлармен чатқа қосты, кері байланыс үшін тәлімгерлермен топтық қоңыраулар да ұйымдастырылып жатыр. Оқыту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі, - деді ол. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға