Жаңалықтар

Күрес түрлерінен Азия чемпионатын жеті алтынмен аяқтадық

Күрес түрлерінен Азия чемпионатын жеті алтынмен аяқтадық
Фото: olympic.kz 15.04.2023 12:02 1354

Астанада грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Азия аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

9-14 сәуір аралығында өткен сары құрлық бәсекесінде 22 мемлекеттен 331 спортшы бақ сынады.

Қазақстан құрамасының нәтижесі:

Еркін күрестен:

4 алтын – Санжар Досжан (70 кг),  Дархан Есенғали (74 кг), Болат Сақаев (79 кг), Азамат Дәулетбеков (86 кг);

2 күміс – Ризабек Айтмұқан (92 кг), Юсуп Батырмурзаев (125 кг);

1 қола – Рахат Қалжан (57 кг).

Жалпыкомандалық есепте – 1-орын.

 

Әйелдер күресінен:

2 алтын – Жәмилә Бақбергенова (72 кг), Эльмира Сыздықова (76 кг);

3 қола – Марина Седнева (55 кг), Нилуфар Раймова (57 кг), Елена Шалыгина (68 кг).

 

Грек-рим күресінен:

1 алтын – Ибрагим Магомедов (72 кг);

2 күміс –  Диас Қален (82 кг), Нұрсұлтан Тұрсынов (87 кг);

5 қола – Аманғали Бекболатов (55 кг), Мұхамедәли Мамырбек (63 кг), Алмат Кебіспаев (67 кг), Олжас Сырлыбай (97 кг), Әлімхан Сыздықов (130 кг).

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға