Жаңалықтар

Күніне кем дегенде 15 минут жаяу жүрудің 15 себебі

Жаяу жүрудің сіз білмейтін пайдасы көп
Күніне кем дегенде 15 минут жаяу жүрудің 15 себебі
15.03.2018 16:17 18486

Көңіл-күйіңізді көтереді

Спортзалда емес, далада, таза ауада жаяу жүрген көңіл-күйді көтереді. Сол сияқты жаяу жүру депрессияға қарсы күресуге оң ықпал етеді.

Креативті оятады

Егер сіз бір істі бастау үшін шабыт іздеп жүрсеңіз, жаяу көбірек жүруге тырысыңыз. Себебі, жүріс конвергентті және дивергентті ойлау түрлерін жақсартады, ал бұл екеуі шығармашылықпен тікелей байланысты.

Аллергиямен күресуге көмектеседі

Аллергия маусымы басталғанда, түшкіру, қышыну секілді жағымсыз сезімдерден қашу үшін үйде отырғыңыз келеді. Бірақ, ғалымдар бұл ойыңызды құптамайды. Жүгіру мен жаяу жүру аллергияны тудыратын белгілермен белсенді күреседі.

Метаболизм синдромы қаупін төмендетеді

Метаболизм синдромы қан қысымның көтерілуі, қан құрамындағы қанттың көбеюі, артық салмақ секілді бірнеше аурулардың жалпы атауы. Ол диабетке шалдықтырып, жүрек-қан тамыр ауруын асқындырып, ерте өлімге алып келеді. Метаболизм синдромы отырып жұмыс істейтін жандардың жауы. Ал жаяу жүру бұл синдромның алдын алады.  

Өмір жасын ұзартады

Күнделікті жаяу жүріс сіздің өміріңізді 7 жылға ұзартады. Сол сияқты қалған өміріңізді керемет жайлы өткізуіңіз де мүмкін. Себебі, көбірек жаяу жүргендер өздерін бақытты сезінеді екен.

Үнемдеуге көмектеседі

Жаяу жүру А мен В нүктесін жалғау үшін ғана керек емес. Ол, ең бастысы – спорт. Егер фитнеске баруға қалтаңыз көтермесе, жаяу жүріңіз. Оған арнайы аяқ киім алудың да еш қажеті жоқ. Тек өзіңізде бар аяқ киімдердің ішінен ыңғайлысын киіп алсаңыз болды.

Биологиялық жасыңызды кішірейтеді

Зерттеушілер дәлелдегендей, күнделікті жаяу жүретін адамдар өз қатарластарынан әлдеқайда жас көрінеді. Аэробты күш салу жас келе кішірейетін хромосоманың теломерлі аумағын кеңейте түседі. Бұл адамның биологиялық жасын кішірейтеді.

Ұйқыны қалыпқа түсіреді

Жаяу көп жүретін адамдарда ұйқысыздық, ұйықтай алмау секілді проблемалар болмайды. Олардың ұйқысы тыныш және сергек болады. Ал бұл өз кезегінде бақытты, ұзақ өмірдің алғышарты.

Күйзелісті төмендетеді

Күйзеліс тек психикалық емес, физикалық тұрғыдан да аса ауыр зардабын тигізеді. Ал жаяу жүру адамды сабырлылыққа шақырып, сананы тазартып, картизол деңгейін қалыпқа келтіреді.

Ми жұмысын ынталандырады

Жаяу жүру денсаулыққа ғана емес, мидың жұмысына да оң әсер етеді. Есте сақтау қабілетін жақсартып, танымдық қабілетті артырып, деменция мен Альцгеймер ауруының дамуының алдын алады.

Ауырсынуды басады

Ғалымдар созылмалы ауруы бар адамдарға жаяу жүрудің біршама тигізер пайдасы барын айтады. Жаяу жүру сырқаттан толық айықтырмаса да, оны жеңіл өткеруге өз көмегін тигізеді.

Сүйекті нығайтады

Тығыз сүйек тіні сүйекті нығайтып, остеопароз, омыртқаның деформациясы және т.б қимыл-тірек аппаратының ауруларынан сақтайды.

Көздің көру қабілетін жақсартады

Қартайғанда көздің нашарлауы секілді проблема кез келгеніміздің алдымыздан шығады. Ғалымдардың сөзінше, көп жаяу жүрген адамның көз жанары жақсы сақталады.

Уақытты қызықты өткізудің тамаша тәсілі

Жаяу серуендеу жақын адамдарыңызбен, достарыңызбен, туыстарыңызбен әңгімелесудің жақсы жолы.

Көптеген ауруларды болдырмайды

Физикалық белсенділік рак, диабет, жүрек, өкпемен байланысты көптеген аурулардың алдын алады. Жаяу серуендеу ешқандай шығынды талап етпейтін пайдалы жаттығу.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға