Жаңалықтар

Күніге банан жеудің ғылыми дәлелденген 7 себебі

Күніге банан жеудің ғылыми дәлелденген 7 себебі
Фото: © Pixabay.com 11.12.2023 10:30 2928

Бананның денсаулыққа пайдасы көп екенін бұрын естіп пе едіңіз? Бір бананның құрамында С, А, Е, К, В6 дәрумендері, фолий қышқылы, ниацин, бал, калий, магний, рибофлавин, марганец, темір, фосфор бар. Ғалымдар күнде банан жеу біздің ағзамызда төмендегідей жақсы өзгерістерге алып келеді дейді.

1. Қандағы қант құрамын қалыпты ұстап тұрады

Банан негізінен көмірсудан тұрады. Оның бір түрі саналатын пектин аталған жеміске жұмсақтық пен иілгіштік береді. Ал  құрамындағы крахмал оның консистенциясына жауап беріп, толық піскен кезде моносахарид пен дисахаиртерге ыдырап кетеді. Сол себепті сары болып піскен банан өте жұмсақ және тәтті болып келеді. Ал толық пісіңкірмеген банан тамақтан кейінгі қан құрамындағы қант деңгейін түсіреді.

Күніге банан жеудің ғылыми дәлелденген 7 себебі

2. Тоқтық сезімін береді

Пектин мен крахмал асқазанның қорытылуын бәсеңдететін қасиетке ие. Банан жеген адамның тамағы сапалы қорытылатындықтан, өзін біраз уақыт тоқ сезініп жүреді екен.

3. Ас қорыту жүйесін жақсартады

Крахмал ас қорыту жүйесінде қорытылмай тоқ ішекке тікелей жетеді. Бұл жерде ол пайдалы бактериялларға жемтік болып, ішек микрофлорасының жағдайын жақсартады. Ал пектин тоқ ішекті рактан сақтайды. Бұл туралы нақты дәлелдеген зерттеулер жеткілікті.

4. Салмақ тастауға да көмегі тиюі мүмкін

Қазіргі уақытта күнде банан жеген адам арықтайды деген нақты дәлел жоқ. Бірақ, жасұныққа бай көкіністер мен жемістер салмақ тастауға себеп болатыны белгілі.  Басқа да факторлар жеткілікті. Мысалы, орташа бананда 105 ккал бар. Бұл майлылығы 2,5% бір стақан кефирмен тең. Бірақ банан оған қарағанда тойымды тамақ екенін ұмытпаңыз.  

Күніге банан жеудің ғылыми дәлелденген 7 себебі

5. Жүрек жұмысын жақсартады

Калий жүрек жұмысына бірден бір керек минералды зат. Калийге бай диета қан қысымын жақсартып, инсульттің алдын алады. Алайда, адамдар бұл затты қажетті мөлшерде ала бермейді. Күн сайын банан жеген адам калийден «таршылық» көрмейтіні анық. Сонымен қатар, бананның құрамында жүрек-қан тамыр жүйесіне оң әсер ететін магний де бар.

6. Бүйрек ауруларының алдын алады

Он үш жыл жүргізілген зерттеуден кейін ғалымдар аптасына 2–3 банан пайдаланған әйелдер, мүлде жемейтіндермен салыстырғанда  33% бүйрек ауруына аз шалдығады деп отыр. Басқа зерттеуде аптасына 4–6 банан жеу бүйрек ауру қаупін 50%-ға азайтатыны айтылады.

7. Жастықты сақтап, миға оң пайдасын тигізеді

Банан антиоксиданттардың дофамин мен катехин деген түріне бай болып келеді. Бұл екеуі ағзалар мен бұлшықеттердегі молекулаларды зақымдайтын еркін радикалдармен күреседі. Заманауи медицина осы еркін радикалдар (нақты айтқанда олар шақыратын тотықтанған стресс) ерте қартаю мен рак, деменция, басқа да ми дисфункциясы, жүрек-қан тамыр мен аутоиммунды бұзылыстарға әкеп соқтырады. Яғни сіз банан жеу арқылы стресстің алдын аласыз деген сөз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға