Жаңалықтар

Күні бойына сергектік сыйлайтын 7 өнім

Күні бойына сергектік сыйлайтын 7 өнім
Фото: © iStock 10.08.2023 10:34 1692

Кейде ұйқыдан шаршап оянатын күндер болады. Мұндайда кофеден бөлек ештеңе көмектеспейтін секілді көрінеді. Бірақ кофенің шамасы тек бірер сағатқа жететінін ұмытпау керек.

Сонымен күні бойы сергек жүру үшін қалай тамақтанған дұрыс?

Грек йогурты

Диетолог Триста Бесттің сөзіне қарағанда, бұл керемет энергия көзі. Грек йогуртында ақуыз көп. Бұл жағдайда маман майлылығы 2%-дан аспайтын йогурт алуға кеңес береді. Йогуртқа жидектер мен үгітілген жаңғақ қосыңыз, сонда қарныңыз да тояды, сергектігіңіз де артады.

Ақсерке

Бұл балық ақуызға және омега-3 май қышқылдарына бай, олар қандағы қантты қалыпты деңгейде ұстайды және энергияңызды тиімді жұмсауға көмектеседі.

Қызылша

Қызылшаның құрамында көптеген қоректік заттар мен антиоксиданттар бар, оның бәрі энергияңыздың деңгейін бірқалыпта ұстауға көмектеседі. Сонымен қатар қызылшада баяу сіңетін күрделі көмірсулар бар.

Киноа

Көмірсуларға бай тағы бір тағам. Сонымен қатар киноада ақуыз көп, сонымен қатар темір, магний және В дәрумендері сияқты пайдалы заттар бар.

Банан

Банандарда көптеген пайдалы көмірсулар, ақуыз және В дәрумендері бар, банандарда табиғи қант бар, ол бірден қуаттандырады, ал талшық (клетчатка) оның сіңуін баяулатады.

Авокадо

Авокадо әмбебап суперфуд болып саналады – оны шикілей жеуге, тостқа жағуға немесе гуакамол жасауға болады. Авокадода ақуыз, көмірсулар, талшық және магний бар – олар бірігіп адамға көп энергия сыйлайды және оны ұзақ уақытқа қамтамасыз етеді.

Сұлы

Күрделі көмірсулар мен талшықтар өте көп болатын тағы бір тағам түрі. Талшық қанттың сіңуін баяулатып, бұл өз кезегінде энергия деңгейін қалыпта ұстауға көмектеседі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға