"Күнбағысқа ұқсайды". Қырғызстан мемлекеттік туына өзгеріс енгізеді
Қырғызстанда парламент депутаттары елдің мемлекеттік туындағы күн сәулесінің пішінін өзгертуге қатысты заңды қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі 24.kg порталына сілтеме жасап.
Заңға түзету енгізуді 59 депутат қолдап, бесеуі қарсы болды. Дауыс беруден кейін депутат Нұрланбек Шәкиев әріптестерін құттықтады.
Құрметті депутаттар! Жаңа ту құтты болсын! Бұл өзгеріс емес, бұл өңдеулер. "Аңызға айналған парламент" туралы үнемі айта берудің қажеті жоқ. Әр кезеңнің өз аңызы бар, - деді ол.
Бұған дейін депутаттар тудағы сәулелердің пішінін толқындыдан күн сәулесін анық еске түсіретін пішінге өзгертуді ұсынған болатын.
Ел президенті Садыр Жапаров жаңарған тумен Қырғызстан жаңа даму кезеңіне қадам басады деп отыр.