Күн райының өзгеруіне байланысты трассалар жабылады

Фото: ©El.kz/Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ
Фото: ©El.kz/Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ
22.10.2023 21:47
694
QazAvtoJol күн райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар жолдарда қозғалысқа шектеу енгізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Атап айтқанда, Ақмола облысында сағат 20.30-дан бастап «Көкшетау – Атбасар» трассасында көліктің барлық түріне қозғалысқа тыйым салынды.
Сондай-ақ сағат 22.00-ден «Астана – Көкшетау» автожолында («Астана – Щучинск – Көкшетау») шектеу енгізу жоспарланып отыр.
QazAvtoJol-дан мәлім еткендей, күн райының нашарлауына байланысты Ақмола облысының жол мамандары күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Қазіргі уақытта 30 арнайы техника жұмылдырылған.
Жол қозғалысына қатысты қандай да бір сұрақпен тәулік бойы 1403 нөміріне хабарласуға болады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Жібек Құламбаева Франциядағы турнирдің жеңімпазы атанды
Келесі жаңалық
Бүгін – халықаралық балаларға арналған кітап күні