Жаңалықтар

Күлкі адам өмірін ұзарта ма

Күлкі адам өмірін ұзарта ма
Фото: © Pixabay.com 01.12.2023 15:09 2295

Күлкі бір қарғанда бет бұлшықеттерінің қимылы іспеттес болып көрінгенмен, адам көңіл күйіне де айтарлықтай әсер етеді екен. Қарқынды күлкі физикалық күш жаттығуымен тең. Күніне 15 минут күлу жылына 2 келіге жуық май жағуға көмектеседі. Күлу кезінде тыныс алу жолдары тазарады, миға қан ағымы жеделдейді. Күлу өкпені ауадан толығымен тазартуға және оттегімен толығымен қанықтыруға мүмкіндік береді, бұл май жасушаларының тиімді бұзылуына ықпал етеді. Жүрек-қан тамырлары жүйесін жаттықтыру арқылы күлкі жүрекке үлкен әсер етеді. Күлкі иммунитетті көтеріп, зат алмасуды жылдамдатады.

Ғалымдардың тұжырымдары бойынша, 2 минуттық күлкі біздің денемізге 10 минуттық жаттығумен бірдей физикалық әсер етеді. Ал күлкінің адам өмірін қаншалықты ұзартатынына қатысты ортақ пікір, нақты тоқтам жоқ. Кей ғалымдар 1 минуттық күлкі өмірді 5 минутқа ұзартады дейді. Тағы бірі 17 минут бойы күлсеңіз, 1 жыл артық өмір сүресіз дегенді айтады.

Күлкіден қуаныш гормоны эндорфиндер бөлінеді

Біз күлген кезде мидың бір бөлігі гипоталамус жанданып, эндорфин бөле бастайды. Ол бізге жақсы көңіл күй сыйлайды. Сонымен қатар біздің миымызда амигдала деген бар. Ол - бұл эмбриондар мен мотивацияларға, әсіресе өмір сүруге байланысты көптеген эмоцияларға қатысатын лимбиялық жүйе құрылымы. Бұл қорқыныш, ашу және рахат сияқты эмоцияларды өңдеуге қатысады. Осы жұмысына қарамай, амигдаланы алдауға болады, себебі ол шын күлкі мен өтірік күлкіні ажырата алмай, гипоталамусты жандандырып, эндорфин бөлуге сеп болады.

Күлкі адам өмірін ұзарта ма

Күлкі картизол деңгейін төмендетеді

Кортизол күйзеліс жағдайында ағзаның жұмысын қамтамасыз етеді және ең көне эволюциялық механизм – «күресу немесе қашу» шешімін тез қабылдауға көмектеседі. Дегенмен табиғат адам ұзақ уақыт бойы күйзеліс жағдайында болады деп күтпеген. Сондықтан ағзадағы кортизол қоры шексіз емес. Әрдайым стресте жүру адам ағзасына айтарлықтай қауіп келтіреді. Одан иммун жүйесі нашарлап, жүрек зардап шегеді, ментальді бұзылыс пайда болады. Бұл жағдайда көмкекке келуші – күлкі. Тіпті өтірік күлудің өзі жүрек соғысын азайтады. Осы арқылы жасанды түрде көңіл күйді көтеріп, физикалық, психикалық жағдайымызды дұрыстап, стресті төмендетеміз.

Күлкі өзімізді қауіпсіз сезінуге көмектеседі

Күліп жатқан кезде миымыз бізді «қауіпті жағдайда тұрған жоқ» деп ойлайды екен. Күнделікті өмірде, қауырт тірлікте біздің ағзамыз созылмалы стресте жүреді де, түпсанада «шабуыл» күтіп тұрады. Алайда, біз достарымызбен кездескенде, күлкілі кино көргенде жеңілдеп қалатынымыз бар. Міне, бұл күлкінің физиологиялық әсері. Ағза мұны «қауіпті сигнал жоқ», яғни қауіпті ештеңе жоқ деп түсінеді де, қысымымыз түсіп, жүрек соғысы баяулап, бірден босаңсимыз.

Күлкі «жұғады»

Сіз жымию, күлу арқылы басқа адамды түпсанада позитивті, ашық әңгімеге шақырасыз. Тойтарыс беру эффектісі осыған саяды. Ол мидағы айна секілді нейрондармен тығыз баланысты. Бұл нейрондар басқа адамдардың іс-қимылына еліктейді. Соның арқасында әңгімелесушіңіздің қимылын қарап отырып, күлкісіне еріксіз еріп кетесіз.

Америкалық жазушы Элла Уилер Уилкокстің «Күл! Күлсең, әлем сенімен бірге күлетін болады. Ал жыласаң, сенімен бірге ешкім де жыламайды» деп бекер айтпаса керек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға