Жаңалықтар

Құлақ туралы 12 қызықты дерек

Піл дыбысты тұмсығымен еститінін біліп пе едіңіз?
Құлақ туралы 12 қызықты дерек
25.04.2018 11:18 45236

Ерлер әйелдерге қарағанда нашар естиді

Нәзік жандармен салыстырғанда ер адамдар есту қабілетінен айырылу жағдайларына жиі ұшырайды. Мамандардың айтуынша еркектерде қосымша фильтр болмайды.

Көбінесе ер азаматтар шуылдаққа жақын мамандықтарды меңгергендіктен, есту қабілеттерін жиірек зақымдап алады.

Қатты әуен мен сіздің құлағыңыз

Жалпы әуеннің есту қабілетіне еш зияны жоқ, тек мәселенің бәрі қатты дыбыстан басталады.

Әуенді шегіне қойып тыңдау тек клубтар мен арнайы мекемелерге ғана емес, өзіңіз күнде тұтынатын құлаққапқа да қатысты. Құлаққаппен әуен тыңдау құлаққа жиналатын бактерияларды 700 есеге ұлғайтады. Бірақ сіз оны байқамауыңыз мүмкін.

Құлақ өзін өзі тазалайтын орган

Құлақ өзін өзі тазарта алады. Құлақ қапталындағы тері тесіктері қорғаныш қабілетіне ие, терінің бетіндегі ұсақ шаштар құлақтағы құлықтарды өзі итеріп шығарып тастайды. Егер құлаққапты дұрыс қолданбасаңыз, құлағыңызға зақым келу қаупі жоғары.

Қауіпті децибелдер

Құлақ ести алатындай болмашы дыбыс 0 децибел болады. Реактивті қозғалтқыштың дыбыс деңгейі 120 децибел болса, қарудан атылған оқтың дыбысы 140 децибел. Егер 8 сағат бойы құлағыңызды 90 децибелдік дыбыспен жүктесеңіз, есту қабілетіне сөзсіз зиян келді деп ойлай беріңіз. 140 децибелден асатын дыбыс жылдам қарқынмен есту қабілетіне зиянын тигізеді.   

Есту қабілетінен айырылу – қалыпты жағдай

Егер 60 жастағы бес адамды мысалға келтірер болсақ, олардың үшеуі есту қабілетінде кінарат бар адамдар болып шығады. Жас шамасы 60-тан асқан қарт кісілердің 40 пайызы құлақ аппаратын қолданады.    

Ұлу қабыршағындағы мұхиттың дыбысы

Буырқанған мұхиттың дауысын естігіңіз келсе, ұлу қабыршағын құлағыңызға төсеп көріңіз. Естілген дыбыс әрине мұхит емес, бұл – тамырлары арқылы жүгірген қанның буырқанған дыбысы.

Балалар құлақ инфекциясымен жиі ауырады

Құлаққа су кіріп кетсе, есту қабілетін жоғалтуға болады. Мұндай оқиғалар көп жағдайда балалардың арасында жиі кездеседі. Осының кесірінен құлаққа инфекция түсіп, түрлі құлақ ауруы кездесіп жатады. Шама келсе жеңіл емдеу керек, құлақпен қатты жағаласуға болмайды.

Есту қабілеті және тепе-теңдік

Адамның өзін-өзі тепе-тең жағдайда ұстауына құлақтың әсері мол. Құлақ ұлуының жанында үш негізгі канал бар, олар гироскоп тәрізді қызмет атқарады. Біз өзімізді тепе-тең ұстау үшін және біздің қай жерде жүргенімізден хабар береді. Құлақ инфекциясы бар адамдарға өзін-өзі тепе-тең жағдайда ұстау қиынға соғады.

Спорт және бүлінген құлақ ұңғымасы

Регби ойнайтын спортшылардың құлақ ұңғымасы түрлі-түсті орамжапыраққа ұқсайды. Құлақта сүйек болмайтынын ескерсек, спорттың мұндай түрін сөзсіз құлақты жиі зақымдайды. Сол себепті де регби ойыншылары құлағын жиі жарақаттайды.

Бөбектің есту қабілеті

Балалардың есту қабілеті өте сезімтал келеді. Туа сала балалар ең төменгі 20 герц дыбысты да (фортепианоның ең төменгі дыбысын) естуге қабілетті.

Пілдердің есту қабілеті

Пілдер айналадағы дыбысты тек құлақпен ғана емес, тұмсықпен сосын аяғы арқылы естиді.

Құлаққа немқұрайлы қарауға болмайды  

Құлақ та адам ағзасындағы өзге мүшелер секілді дұрыс қарамаса, жайлы өмір сүруге зиян келтіретін жауапты мүше. Өзге мүшелеріңізге қалай жауапты қарсаңыз, құлаққа да сақ болыңыз. Әсіресе жуынғанда өте мұқият болыңыз, үнемі қауіпсіздік шараларын қолданыңыз, желден қорғаңыз, өте жоғары дыбысты, әуенді құлаққаппен тыңдауды доғарыңыз. Құлаққапты қолданғанда да шегінен асырмай тыңдау керек.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға