Жаңалықтар

«Крокус Сити Холл» оқиғасы бойынша тағы үш фигурант қамауға алынды

«Крокус Сити Холл» оқиғасы бойынша тағы үш фигурант қамауға алынды
Фото: t.me/shot_shot 26.03.2024 07:08 1762

Мәскеудегі «Крокус Сити Холл» концерт залындағы террорлық акт бойынша тағы үш фигурант қамауға алынды, деп хабарлайды ТАСС-қа сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.   

Мәскеудің Басман аудандық сотының шешімімен ағайынды Аминчон мен Диловар Исломов және олардың әкесі Исроил Исломов 22 мамырға дейін қамауға алынды. Сот отырысы жабық өтті.

Күдіктілерге Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 205-бабы 3-бөлігінің «б» тармағымен айып тағылды. Аталған бап бойынша өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Іс материалдарына сүйенсек, қамауға алынған үш азамат та Душанбе тумасы. Диловар мен Исроил Ресей азаматтары болып табылады.

Диловар Исломов такси жүргізуші болып еңбек еткен. Үйленген, баласы бар. Ал Аминчон Исломовтың екі әйелінен жеті баласы бар. Исроил Исломов Тверь қаласында тұрады. 

Бұған дейін Басман аудандық тергеу сотының шешімімен террорлық акт жасады деп күдікке ілінген Далерджон Мирзоев, Саидакрам Рачабализод, Шамсидин Фаридуни мен Файзов тергеу изоляторына қамалған болатын.

Тергеу комитетінің мәліметінше, террорлық акт жасау үшін Шамсидин Фаридуни 2024 жылдың қаңтарында Аминчон Исломовты, 2024 жылдың 11 наурызында Диловар Исломовты ұйымдасқан топқа тартқан.

Еске салсақ, 22 наурызда Мәскеудегі "Кроус Сити Холл" кешенінде терактілік әрекет болды. Қаруланған белгісіз бір топ адам концертке келген халыққа оқ жаудырды. Кейінірек ғимаратта жарылыс естіліп, соңы өртке ұласты.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға