Жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрі баяндама жасады

Қоғамдық денсаулық сақтау
Денсаулық сақтау министрі баяндама жасады
25.05.2017 09:01 5320

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 70-сессиясында баяндама жасады

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 70-сессиясында баяндама жасады. Ол өз сөзінде Қазақстанда салауатты өмір салтын, дұрыс тамақтанудың профилактикасы және созылмалы инфекциялық емес аурулардың алдын алуға бағытталған Қоғамдық денсаулық сақтау қызметі (ҚДСҚ) қалыптасып жатқанын айтты.

«Таяуда Қазақстан үкіметі ҚДСҚ-нің моделін мақұлдады, ол оның институционалдық дамуына және медициналық-санитариялық алғашқы көмекпен бірігуіне мүмкіндік береді. Қабылданған модель шеңберінде Қазақстан ДДСҰ белгілеген барлық 10 негізгі оперативтік функцияларын жүзеге асыру үшін міндеттеме алады», - деді Министр.

 Ол ҚДСҚ-нің негізгі функциялары адамдардың өз денсаулығына жауапкершілігін арттыруға және адамдарға сау болып қалу үшін көмектесуге бағытталған ақпараттандыру болып табылатынын атап өтті. «Интернеттің арқасында бүгін адамдар өз денсаулығы туралы хабардар және сау болып қалу үшін үйрене алады. Адамдардың сау болуы үшін біз барлық заманауи және нновациялық ақпараттық-коммуникациялық технологияларды  пайдалануымыз керек», - деді Елжан Біртанов.

Қазақстанда қоғамдық денсаулық сақтау аясында жаңа нарықтарды қалыптастыру мақсатында мемлекеттік және жеке сектор арасындағы серіктестік дамуда. 

Елімізде іске асырылып жатқан денсаулық сақтауды дамыту бағдарламалары  ауруларды емдеу және алдын алуда кешенді тәсілді қамтамасыз етеді және ол денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталғаны туралы хабардар етті. Осыған орай, халық денсаулығының, мысалы, күтілетін ана, нәресте, баланың өмір сүру ұзақтығы және жалпы өлім-жітімнің статистикалық көрсеткіштерінің дәйекті жақсаруы байқалады.

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне көшуде біз Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы цифрландыруға ерекше назар аударамыз, олар: жаңа ақпаратты медициналық практикаға енгізу және коммуникациялық технологияларды қолдану. Біз ақпараттық технологиялардың рөлінің өсуін танылсын деп ғана емес, сондай-ақ оларды салауатты өмір салтын насихаттауда белсенді және кеңінен пайдалану, қашықтан мониторинг және созылмалы ауруларды емдеу үшін қолдануымыз қажет, ол өз кезегінде медициналық қызметтің қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді» деп атап өтті қазақстандық делегация басшысы.

«Ғаламдық экономикалық, саяси және медициналық мәселелер әлемдегі елдер мен өңірлер арасындағы шекараны жояды. Біздің елдермен орнатылған тиімді әріптестік ортақ мақсатымызға жету жолында күшімізді арттыруға мүмкіндік береді»,- деді министр.

Өз баяндамасының соңында Елжан Біртанов өзінің әріптестерін 2018 жылғы қазанда Алматы қаласында БҰҰ балалар қоры мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қатысуымен өтетін медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету жөніндегі Алматы декларациясының 40 жылдығына арналған конференцияның жұмысына қатысуға шақырды.

 «Біз сонымен бірге, Қазақстанда маусым айында өтетін ЕХРО-2017 көрмесіне шақырамыз. Өңірлік және ғаламдық деңгейде ДДСҰ -мен және өзге де серіктестермен әріптестік қатынастар нығаятындығына сенімдіміз. Біз денсаулық саласын инвестициялау көлемін арттырамыз және болашақ ұрпақтың денінің саулығы мен қауіпсіздігіне жағдай жасаймыз деген ниеттеміз», - деді өз баяндамасында Елжан Біртанов.Конференцияда МСАК және ақпараттық технологиялық мәселелері талқыланатын болады.

Естеріңізге сала кетсек, ағымдағы жылғы 22 мамырда Женева (Швейцария) қаласында алыс шетел және жақын мемлекеттердің министрлерінің қатысуымен Дүниежүзілік денсаулық сақтау Ассамблеясының жетпісінші сессиясы өтуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға