Жаңалықтар

Көзіне ота жасатқан ақтөбелік әйел 9 айдан бері есін жиған жоқ

Көзіне ота жасатқан ақтөбелік әйел 9 айдан бері есін жиған жоқ
Фото: Видеодан скриншот 12.12.2023 10:10 872

Ақтөбе облысының 32 жастағы тұрғыны жеке медициналық орталыққа операция жасатамын деп комаға түсті, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі KTK телеарнасына сілтеме жасап. 

Үстіміздегі жылдың сәуір айында 32 жастағы Дария Сағиева жеке офтальмологиялық орталыққа ота жасатуға барып, содан бері есін жимай жатыр. Күйеуінің айтуынша, дәрігерлер әйелінің жағдайы туралы бір күннен кейін ғана хабарлаған.

Дәрігер келесі күні бізге операцияның сәтті өткенін түсіндірді. Бірақ бір сәтте әйелім өзін нашар сезінген, есінен танып, жүрегі тоқтап қалған. Басқа ақпарат жоқ. Қазір әйелім үйде, оны алып кеттік. Өз күшімізбен, өз қаражатымызбен емдеп жатырмыз, – дейді науқастың күйеуі Алмат Сағиев.

Ақтөбе медициналық орталығында 132 күн жатқанда да ешқанда өзгеріс болмаған. Отбасына әйелді үйіне апару немесе көпбейінді аурухананың мейірбике бөліміне жатқызу ұсынылды. Қазір Дария үйінде. Туыстары жас әйелді толыққанды өмірге қайтарудан үмітін үзбей келеді. Жеке клиника жағдайға қатысты ешқандай пікір білдірмеген.

Биыл 30 қыркүйекте Ақтөбе қалалық №2 қалалық ПБ-мен «Көз жарығы» емханасы» ЖШС-на қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 317-бабы 1-бөлігімен «Медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамау» бойынша қылмыстық іс қозғалды, – делінген полиция хабарламасында.

Қазіргі уақытта сот комиссиясы мен медициналық сараптама тағайындалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға