Көзге көрінетін симптомдары жоқ қатерлі ісік түрлері аталды

Кейбір онкологиялық ауру түрлері айқын қауіп факторларынсыз-ақ дами беруі мүмкін, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы NEWS.ru сайтына берген сұхбатында терапевт Алексей Жито мәлімдеді.
Темекі шегудің өкпе, асқазан немесе өңеш қатерлі ісігімен байланысы туралы көпшілік біледі. Дегенмен, дәрігердің айтуынша, кейбір онкологиялық аурулардың пайда болу себептері әлі толық зерттелмеген. Олардың қатарына лимфома, ми ісіктері, ұйқы безі, бүйрек және сүйек қатерлі ісігі жатады.
Бұл қатерлі ісік түрлерінің белгілі бір генетикалық бейімділігі болуы мүмкін, бірақ нақты сыртқы себептермен тікелей байланысы анықталмаған, – деді Жито.
Сондай-ақ ол тұрақты медициналық тексерулерден өтсе де, мұндай ауруларды уақытында анықтау әрдайым мүмкін бола бермейтінін атап өтті. Дегенмен маман алдын алу мақсатында дәрігерге тұрақты түрде қаралып тұруды ұсынады.
