Жаңалықтар

Ковидтен кейінгі синдромды диагностикалау мәселелері бойынша көшпелі семинар өтті

Ковидтен кейінгі синдромды диагностикалау мәселелері бойынша көшпелі семинар өтті
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі 03.04.2023 09:33 623

Денсаулық сақтау министрлігінің жетекші мамандары медицина қызметкерлері мен денсаулық сақтау менеджерлерінің арасында клиникалық хаттамалардың қолданылуын түсіндіру бойынша өңірлерде көшпелі ұйымдастыру жұмысын бастады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомствода атап өткендей, коронавирус инфекциясының пандемиясы көптеген проблемалар туғызды және әлем халқының денсаулығына әсер етіп, ковидтен кейінгі әртүрлі асқынуларды тудырды.

Әлемдік тәжірибені, ДДҰ ұсынымдарын және отандық республикалық клиникалардың жұмыс тәжірибесін ескере отырып, Денсаулық сақтау министрлігі "Ковидтен кейінгі синдром" диагностикасы мен емдеудің клиникалық хаттамасын (КХ) осы жылдың басында өзектендіріп, жұмыста пайдалану үшін елдің медициналық ұйымдарына жіберді.

Спикер қалдық қабынумен, ағзалардың зақымдануымен, ауруханаға жатқызудың спецификалық емес әсерлерімен, сондай-ақ әлеуметтік оқшауланумен байланысты ковидтен кейінгі жағдайдың негізгі белгілері туралы егжей-тегжейлі айтты. Сондай-ақ, Бақыт Нұрғалиқызы бүгінгі таңда COVID-19 ауруына шалдыққандардың арасында аурудың ағымы ересектермен бірдей  және кейде өте ауыр өтетін балалар көп екенін атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға