Костенко шахтасында бақилық болған 36-шы адамның денесі табылды

Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада қайтыс болған адамдар саны 36 адамға жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ТЖМ-ге сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта 36 адамның денесі табылып, 10 кеншіні іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Авариялық-құтқару жұмыстарына «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС Қарағанды филиалының тау-кен құтқарушыларының 10 бөлімшесі жұмылдырылған. Газ жағдайын бақылау жалғасуда, - деді министрліктің баспасөз қызметіндегілер.
Сондай-ақ, ақпараттық және психологиялық қолдау көрсету үшін Қарағанды қаласында (ТЖД 8-7212-51-72-23, АрселорМиттал Теміртау 8-7212-49-72-70) және Астанада (8-7172-70-41-08) «жедел желі» телефондары жұмыс істеп тұр.
