Жаңалықтар

"Костенко" шахтасынан тағы бір адамның денесі табылды

"Костенко" шахтасынан тағы бір адамның денесі табылды
Фото: Ашық дереккөзден 28.10.2023 12:24 945

Қарағанды облысындағы "Костенко" атындағы шахтада қайтыс болған адамдар саны тағы біреуге артты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазіргі уақытта шахтадағы өрттен қайтыс болғандары саны 21 адамға жетіп отыр. 

252 кеншінің 208-і жер бетіне шығарылды. Олардың 18-і медициналық көмекке жүгінді.  Шахта ішінде әлі 23 кенші бар. Сонымен бірге 21 кеншінің денелері табылды. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда. Штаб жұмыс істеп тұр, - деп жазылған "АрселорМитталТеміртау" АҚ-ы таратқан ақпаратта.

Қазіргі уақытта Костенко атындағы шахтада болған оқиғаға байланысты "АрселорМиттал Теміртау" АҚ ТЖМ және Қарағанды облысының ТЖ Департаментінде ақпараттық және психологиялық қолдау үшін жедел желі телефондары жұмыс істейді 8 (7172) 70-41-08, 8 (7212) 51-72-23, 8 (7212) 49-72-70.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға