Жаңалықтар

«Көшуге дайын болыңыздар». Орал қаласы әкімдігі тұрғындарға үндеу жасады

«Көшуге дайын болыңыздар». Орал қаласы әкімдігі тұрғындарға үндеу жасады
Фото: ТЖМ 15.04.2024 13:23 1193

Орал қаласы әкімдігі қауіпті аумақ тұрғындарына көшуге дайын болу керектігін ескертті, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Су тасқынына қарсы жұмысқа жергілікті атқарушы органның және төтенше жағдай қызметінің барлық ресурсы тартылды. Қазір 350 арнайы техника, 2 мыңға жуық адам тасқынға тосқауыл қоюға жұмылдырылған.

Ең бастысы - адамдардыңы амандығы. Сондықтан Жайық жайылымындағы саяжайлардың, су басу қаупі жоғары Курени, Старица, Коминтерн аудандарының тұрғындары көшуі қажет. Судың мол көлемі кез келген уақытта жетіп, үйіңізді су басуы мүмкін. Өзіңіздің және жақын адамдарыңыздың өмірін қауіпке тікпей, шұғыл түрде тума-туыс, достарыңыздың үйіне орналасыңыз. Уақытша баратын үй болмаса, қалада эвакуациялық пункттер жасақталған. Олар тұрғындарды күні-түні үздіксіз қабылдайды. Сұрақтар бойынша қалалық штабқа 8-711-2-24-05-70 және 24-01-94 телефон нөмірлері арқылы хабарласуға болады. Эвакуацияны қазірден бастаңыз!, - деп хабарлады әкімдіктегілер.

Мамандар Ресей Федерациясынан судың мол көлемі 2-3 күнде қалаға жететінін ескертті. Қауіпті деңгей 8,5 метр болса, қазір Жайықтың деңгейі 8 метрге жуықтады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға