Көшпенділер ойыны өтіп жатқанда астаналық студенттер сабақтан босатыла ма
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек БАҚ өкілдерімен өткен онлайн баспасөз мәслихатында Астанада өтетін Көшпенділер ойыны кезінде қаладағы жоғары оқу орындары қалай жұмыс істейтінін айтты. Бұл туралы KAZINFORM-ға сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Көшпенділер ойыны кезінде оқу процесі қалай ұйымдастырылатыны жөнінде түпкілікті шешім қабылданды ма? Студенттер сабақты сәл кешігіп бастай ма? — деп сұрады журналист.
Министр бұл іс-шараның жоғары білім беру үрдісіне ешқандай әсері болмайтынын айтады.
Шешім бар. Көшпенділер ойындары оқу процесіне ешқандай әсер етпейді. Астанадағы студенттер қалыпты режиммен оқиды. Бұл мектептерге қатысты мәселе шығар. Бірақ жоғары білім бойынша айтсақ, штаттық режимде жұмыс істейміз, — деді Саясат Нұрбек.