Көшпенділер ойындары: Ұшқыр бәйгеден 2400 метр жеңімпаздары анықталды
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі
13.09.2024 11:47
454
Астанада өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ұшқыр бәйгеден 2400 метрлік аралықта шапқан 5 дөненнің (3 жасқа дейінгі) арасында желтұяғы анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2400 метрге шапқан сәйгүліктер арасында да алғашқы үштікті Қазақстан жүйріктері иеленді. Мәре сызығын алғашқы болып "Берил Рэйсер" кессе, екінші орынды "Адай" иеленді. Ал үздік үштікті "Роузлайн" түйіндеді.
1-орын: Берил Рэйсер, жокей әрі бапкері – Асланбек Байкенов, , ат иесі – Бақтияр Байзақов (Қазақстан).
2-орын: Адай, жокей – Мырзабек Каппушев, бапкері – Нұржігіт Табылдиев, ат иесі – Тілек Мұқанбетқалиев (Қазақстан);
3-орын: Роузлайн, жокей әрі бапкері – Дәурен Жүсіпов, ат иесі – Қарабай КФХ (Қазақстан).
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда күзетшіні таптап өлтірген ер адам сотталмайтын болды
Келесі жаңалық
Түркістанда қытайлық инвесторлармен кездесу өтті