Көшпенділер ойындары: ұлттық құрама көкпардан финалға шықты

Фото: Ұлттық және ат спорт түрлері орталығы
Фото: Ұлттық және ат спорт түрлері орталығы
11.09.2024 12:42
753
Көкпардан Қазақстан ұлттық құрамасы финалға шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Көкпаршылар Ресей командасын 18-2 есебімен жеңіп, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының финалына жолдама алды. Финалда Қазақстан Қырғызстан-Түркия кездесуінде жеңіске жеткен командамен алтын жүлдені сарапқа салады.
«Қазанат» ипподромында өтіп жатқан көкпар бәсекесіне 9 мемлекеттің құрамасы қатысып жатыр. Бұл спорт түрінен барлығы 104 спортшы сынға түседі. Көкпардан бақ сынайтын құрамалар: Қазақстан, АҚШ, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Венгрия, Қытай, Моңғолия және Түркия.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
«Таза Қазақстан»: Шымкентте ауқымды сенбілік өтті