Жаңалықтар

Көшпенділер ойындары туралы түсірілген видоелар желіде 28 млн қаралым жинады

Көшпенділер ойындары туралы түсірілген видоелар желіде 28 млн қаралым жинады
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 26.09.2024 19:33 482

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары туралы промо-ролик түсіруге арналған мобилографтар арасындағы байқаудың нәтижесі жарияланды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желілерде ұлы дала дүбірін жан-жақты насихаттап, белсенділік танытқан қатысушылар Тикток-та 616 видео, Instagram-да 636 рилс түсірген екен. Сондай-ақ WhatsApp пен Telegram желісіндегі қаралымдар 80 мыңнан асқан. 

Осыған қоса YouTube Shorts арқылы жиналған қаралым саны 16 миллионнан асқан. Ал мобилографтардың жасаған виедосы жалпы 28 миллион қаралым жинаған.

Айта кетейік, сайысқа қатысқан 2,5 мыңға жуық үміткерлердің ішінде алыс-жақын шет мемлекеттерден де атсалысқан азаматтар болды. Ал арнайы комиссияның шешімімен Бас жүлде Берікбол Аймырзаға бұйырды. Екінші орынға Аманқұл Ерасыл ие болып, үздік үштікті Арман Тұрлыбеков қорытындылады. Руслан Абжал есімді қатысушының жұмысы төртінші орынға лайық деп танылды.

Мәселен 1-орындағы  видео 1,5 млн қаралым жинаса, 2-орындағы 634 мың, 3-орындағы 387 мың және 4-орындағы видео 264 мың рет қаралған. 

Гран-при жеңімпазы сапар немесе іс-шара барысында Президенттің жеке мобилографы ретінде бір күн жұмыс істеу мүмкіндігін алды. Сондай-ақ Мемлекет басшысының қолтаңбасы қойылған iPhone 15 Pro Max, мобилографияға арналған жабдықтар жиынтығын (жарық, микрофон) және 1 млн теңге алды.

Байқауда 2-орын алған мобилограф 1 млн теңге иеленсе, 3-орын иегері iPhone 15 Pro Max алды. Ал 4-орын алған адамға 500 мың теңге берілді.

Сондай-ақ басқа қатысушылар да назардан тыс қалған жоқ. Атап айтқанда, 5 және 20-орын аралығындағы жүлдеге ие болған азаматтарға ынталандыру сыйлықтары табысталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға